Төлеби ауданында Алатау ауылдық округі — аудандағы ең көп елді мекені бар округтер қатарында

Төлеби: Алатау ауылдық округінің инженерлік-коммуникация саласы дұрыс жолға қойылған.


Аймақ құрамына 10 ауыл енеді. Қазіргі кезде округте инфрақұрылым мәселесі дұрыс шешімін тапқан. Айтар болсақ, былтырғы жылы 18 көшенің бағаналарын ауыстыру жұмыстары басталған болатын, бүгінгі күні бұл жұмыс жалғасын тауып, электр желілері жаңартылды. Сондай-ақ, елді мекендердегі ішкі жолдар асфальттанып, түнгі жарықтар қосылған.

Қосағаш-Қайнар елді мекендеріндегі жол бойына су ағарлар орнатылып, оны мердігер «Royal Construction CO» ЖШС жүргізуде. Жоба құны 2444, 960 мың теңге. Бұған қоса, ішкі жолдарды асфальттау жұмысын «Базис-К» ЖШС қолына алып, бүгінде елді мекен арасында жол тегістеліп, асфальттанған.

Шұбарағаш елді мекен тұрғындары мен кәсіпкерлер ұйымдасып, өз қаржысына Көктерек және Б.Майлин көшелерінің 2.5 шақырым бойына түнгі жарық бағаналары мен кіре беріс қақпасын орнатты.

Ынтымағы жарасқан округ тұрғындары ауылды көркейту ісіне барынша қолдау көрсетіп отыр. Алатау, Қайнар, Нысанбек елді мекеннің жастары өз қаражаты есебінен ауыл ажарын ашатын атауы бар қақпалар орнатып, ел алғысын алып отыр.

Екпінді мен Бірінші Мамыр ауылдық округін байланыстыратын өзен бойына Назарбеков көшесі тұрғындарының сұрануымен кәсіпкер есебінен көпір салынды. Құны 3 млн теңге болатын көпір құрылысын кәсіпкер өз қаражаты есебінен тұрғызып, ауыл халқының игілігіне пайдалануға берді. 

 «ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.