ШЫМКЕНТКЕ «БАҚЫТТЫ ҚАЛАҒА САЯХАТ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ КЕЛДІ

Шымкент қаласы туризм және сыртқы байланыстар басқармасы «Бақытты қалаға саяхат» байқауының кезекті жеңімпаздарын қарсы алды. Бұл жолғы байқаудың жеңімпаздары – 2003 және 2007 жылы туылған Қарағанды облысының тұрғындары.

Маусым айында Нұр-Сұлтан қаласында Туризм индустриясы комитетінің ұйымдастыруымен “Qazaqstan Live Fest” фестивалі өткен болатын. Халықаралық көрмеде «Бақытты қалаға саяхат» байқауы ұйымдастырылып, жеңімпаздар анықталған.

Жасөспірімдер Шымкентке саяхатқа келіп, туристік орындармен танысты. Атап айтсақ, балалар туризмін дамытуда ерекше нысан – хайуанаттар бағы, дендропарк және Цитадель және Орта Азиядағы ең үлкен аквасаябақ «FONTAN» су қалашығында болды. Сондай-ақ қаламыздың танымал ас мәзірінен де дәм татып, ерекше әсерге бөленді.

Осылайша жеңімпаздар екі күндік сапар барысында қаламыздың туристік әлеуетімен танысып, қаланың қонақжайлы келбетіне тәнті болып қайтты.

Айта кетейік, Шымкент қаласы Туризм және сыртқы байланыстар басқармасы мен «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығы өзге қала тұрғындары арасында ұйымдастырған “Бақытты қалаға саяхат — II” байқауының жеңімпазы Шымкент қаласына келген болатын. Әлеуметтік желі қолданушылары арасында қаланың туристік имиджін дамыту әрі шаһардың көрікті орындарын насихаттау мақсатында өткен байқаудың жеңімпазы Жұлдызай Қалиева — наурыз мерекесін Шымкетте тойлады. Демеушілер есебінен ұйымдастырылған байқау жеңімпазына Шымкент қаласына тегін әуе билеті, қонақ үйге ақысыз демалыс пен қаланың басты туристік нысандарына тур қамтамасыз етілді. Нақтырақ тоқталып өтсек, Жұлдызай Қалиева – ең әуелі, «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығының жұмысымен танысты. Одан әрі, думанды Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған «ДәмДәсTour» тұңғыш ресторандар жәрмеңкесіне қатысып, ерекше әсер алды. Сондай-ақ, «Цитадель» тарихи кешенімен танысып, «Шым қала» этно ауылына барды. Одан өзге, «Мұз сарайы» спорт кешені мен «Пикассо» құмыра жасау орталығында болып, көңілді уақыт өткізді.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.