
Шымкент қаласындағы «Қасірет» мемориалында саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған іс-шара өтті. Тағдырдың қатал сынағына ұшыраған боздақтар еске алынып, құрмет етілді. Іс-шара алдымен ана мен бала ескерткішіне тағзым етуден басталды.
Қала әкімі Мұрат Әйтенов, қала мәслихатының төрағасы Бахадыр Нарымбетов, зиялы қауым өкілдері, тұрғындар ескерткішке гүл шоқтарын қойып, тағзым етті.
Тарихи деректер бойынша, 1931-33 жылдары болған ашаршылықта Қазақстанда 2,5 млнға жуық адам қынадай қырылды. Оның 250 мыңы өзге ұлт өкілдері десек, қалғаны — қазақтар. 1 млн 130 мың қазақ көрші елдерге бас сауғалап, үдере көшуге мәжбүр болды.
Одан әрі саяси-қуғын сүргінге ұшыраған арда азаматтарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Марқұмдардың рухына арналып, Құран аяттары бағышталды. Одан кейін көпшілік арнайы қойылған инсталляцияны тамашалады.
1937-38 жылғы қанды қырғын, қуғын-сүргін кезінде Қазақстанда 131 мыңға жуық адам саяси қуғын-сүргінге ұшыраса, соның 25 мыңға жуығы ату жазасына кесілген. Оңтүстік өңірінде 7 мыңға жуық адам саяси қуғын-сүргінге ұшырап, оның 2500-і атылған.
Бұл – қазақ тарихындағы қаралы күннің бірі. Солақай саясаттың кесірінен ұлтымыздың қаймағы мен қарапайым азаматтар жазықсыз жапа шекті. Енді олардың атын еске алып, жадымызда сақтау, құрмет көрсету – кейінгі ұрпақтың парызы.
Айта кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасымен шаһарда саяси қуғын-сүргін көрген азаматтарды толық ақтау жөніндегі комиссия жұмыс істеп жатыр. Өңірлік комиссия жұмысы күзде қорытындыланады.
Сондай-ақ, Шымкентте «Халық жады» акциясы бастау алға еді. Акция 1-30 сәуір аралығында өтті. Акция барысында қуғын-сүргін құрбандары мен олардың ұрпақтарының естеліктерін, 1930-1950 жылдары туған, ата-аналарының трагедиясын еске түсіре алатын куәгерлердің, аға буынның куәліктерін жиналады.
88627 706595Hello. Cool article. Theres an problem with the site in internet explorer, and you might want to test this The browser may be the marketplace chief and a large element of other folks will miss your great writing due to this dilemma. 3453