ШЫМКЕНТТІК ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІ ЖОЛДАУ АЯСЫНДА БАС ҚОСТЫ

Шымкентте қоғам қайраткерлері Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы аясында бас қосты. Әл-Фараби атындағы ғылыми-әмбебап кітапханадағы жиын еркін пікір алмасу форматында өтті.

Қоғамдық кеңес мүшелері ел дамуының басым бағыттарын айқындап беретін Президент Жолдауында көтерілген бастамалар мен тапсырмалардың саяси маңызды әрі қоғамдық мәселелерді қамтығанына тоқталды.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында бес басты бағытты атап өтті. Соның ішінде елдің көкейінде жүрген көп сұрақ көтерілді деп ойлаймын. Бәрімізге белгілі, мемлекетіміздің жер қойнауы бай болғанымен, экономиканың көп бөлігі әлі де шикізатқа тәуелді. Осы тұрғыда елдің барлық азаматына еңбек етуде, табыс табуға мемлекет тарапынан бірдей мүмкіндік берілуі тиіс. Бұл мәселе Жолдауда да айтылды. Тағы бір ең басты жаңалықтың бірі, көпшіліктің көкейінен шыққан тұс – Ұлттық қордың инвестициялық табысының жартысы елдегі балалардың шотына 18 жасқа толғанға дейін аударылады. Бұл бастама 2024 жылдан басталмақ. Келесі мәселе – жер мәселесі. Бұған дейін айтылғандай, ол халықтың игілігінде қала береді. Саяси тақырыптағы маңызды жаңалық – Президент сайлауы. Биыл күзде Президент сайлауы өтіп, келесі жылы Парламент құрамы сайланып, жаңадан жасақталмақ, – деді Шымкент қалалық қоғамдық кеңестің төрағасы Бауыржан Әлтеев.

Жиында қоғам қайраткерлері мемлекеттен күтіп отыра бермей, жұрт болып жұмылуымыз керек деген пікірлерін қосты.

– Мемлекет басшысының Жолдауында көп нәрсе айтылды. Ең бастысы – биыл күзде Президент сайлауы өтеді. Бұл Жаңа Қазақстан құрудағы нақты қадамның бірі деп санаймын. Бұл – өте күрделі, әр адамның қолынан келе бермейтін шешім. Әділетті Қазақстанды дамытуда Президентке халықтың сенімі керек. Осы бағытта көптеген қадам басталмақ, алда тұрған үлкен міндеттер бар. Оны жүзеге асыруға бүкіл халық болып жұмылуымыз керек, – деді қоғам қайраткері, ардагер Досыбай Шерімқұлов.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.