ШЫМКЕНТТЕГІ «БОЗАРЫҚ» ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҚТЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫН АЛҒАН

Қаланың негізгі экономикалық көр­сеткішінде де өсім қарқын алып келеді. Жалпы, 2021 жылдың қаңтар-мамыр айларында өнеркәсіп өнімінің көлемі 295 млрд теңгені құрап, 2020 жылғы тиісті кезеңімен салыстырғанда 10,1 пайызға артқан. Өнеркәсіптің қала экономика­сының негізін құраушы сала екені белгілі. Осы бағыттағы Шымкент қаласының жалпы өңірлік өнімдегі үлесі 24,6 пайыз болып отыр. Мемлекет басшысы  өңдеу өнеркәсібін алдағы 5 жылда кем дегенде 1,5 есеге өсіруді тапсырған болатын. Үшінші мегаполисте осы мақсатта бірнеше бастама қолға алынып отыр. Ауылшаруашылық өнімдерін терең өңдейтін өндірістік алаңдарды дамыту бағытында «Бозарық» тамақ өнеркәсібі индустриалды аймағы құрылуда. Нәтижесінде жалпы 1500 жұмыс орнындық 23 млрд теңгені құрайтын 21 жоба іске аспақ.
Бүгінгі таңда аумағы 133 гектарды құрайтын аймақта инженерлік инфрақұрылым жүйелерінің құрылысы жүргізіліп жатыр. Қала әкімі Мұрат Әйтенов аталған аймаққа арнайы барып, құрылыс жұмыстарының барысын тексерді. Мұнда қазір 15 шақырымдық суаққы жүргізу жұмыстарының 12 шақырымы аяқталған. Осы жылдың маусым айында ауыз су жүйесін тарту жұмысы басталған.19,3 шақырымды құрайтын электр желілері тартылуда. Индустриалды аймақты инженерлік-инфрақұрылыммен қамту толығымен 2023 жыл соңына дейін аяқталады.
Бұған дейін, Қаратау ауданында 12 ірі және орта кәсіпорындар жұмыс істейтінін жазған болатынбыз. Мемлекет басшысының 2025 жылға қарай өңдеу өнеркәсібінің экспортын 1,5 есеге көбейту туралы тапсырмасына сәйкес, 2 индустриалды аймақ ашу жұмыстары басталды. Оның бірі – жоғарыда сөз болған «Бозарық» тамақ өнеркәсібі индустриалды аймағы болса, екіншісі – «Агроиндустриалды аймақ» өндірістік жылыжай кешені. Бұл – 11 млрд теңгені құрайтын инвестициялық жоба. 369 жұмыс орнын құрумен 14 жоба жүзеге асады. Нәтижесінде үшінші мегаполистегі өңдеу өнеркәсібі өркендей түспек.

Өңдеу өнеркәсібін дамыту бағытында қолға алынған жұмыстың бірі – «Жұлдыз» индустриалды аймағы. Қазір мұнда инфрақұрылымды қалыптастыру жұмыс­тары басталып кеткен. 306 гектар жер аймақта құрылыс, металлургия, фарма­цев­тика, жиһаз өнеркәсібі дамитын бо­лады.

Одан бөлек, жеке индустриалды аймақтарды ашу бо­йын­ша да жұмыстар жүріп жатыр. Шым­кент­тің 3 индустриалды аймағында алғаш­қы бес айда 1,8 млрд теңгеге 274 жұмыс орнымен 4 жоба жүзеге асырылды. Жыл соңына дейін инвестиция көлемі 38,1 млрд теңгеге болатын 13 жоба іске қосы­лады. 

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

6 Comments

  1. Isotonic exercise that encompasses any moving exercise such as walking and biking might be advised to patients who are able to do so 19 buy priligy 30mg bactrim albuterol inhaler dosage 90 mcg price And the more you listen to Christine Quinn talk about an inspector general, and Bill de Blasio talk about KellyГў s Гў overheated rhetoricГў about stop and frisk, and Anthony Weiner, that blowhard, talk about stop and frisk as a Гў racial tool, Гў the more you think that if a Democrat is the next mayor, Kelly is gone, even if Quinn is on record saying she wants him to stay

  2. 676556 983488After study a couple of with the blog articles for your site now, and that i actually like your method of blogging. I bookmarked it to my bookmark web site list and are checking back soon. Pls consider my internet internet site too and inform me what you consider. 667958

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.