Қаланың негізгі экономикалық көрсеткішінде де өсім қарқын алып келеді. Жалпы, 2021 жылдың қаңтар-мамыр айларында өнеркәсіп өнімінің көлемі 295 млрд теңгені құрап, 2020 жылғы тиісті кезеңімен салыстырғанда 10,1 пайызға артқан. Өнеркәсіптің қала экономикасының негізін құраушы сала екені белгілі. Осы бағыттағы Шымкент қаласының жалпы өңірлік өнімдегі үлесі 24,6 пайыз болып отыр. Мемлекет басшысы өңдеу өнеркәсібін алдағы 5 жылда кем дегенде 1,5 есеге өсіруді тапсырған болатын. Үшінші мегаполисте осы мақсатта бірнеше бастама қолға алынып отыр. Ауылшаруашылық өнімдерін терең өңдейтін өндірістік алаңдарды дамыту бағытында «Бозарық» тамақ өнеркәсібі индустриалды аймағы құрылуда. Нәтижесінде жалпы 1500 жұмыс орнындық 23 млрд теңгені құрайтын 21 жоба іске аспақ.
Бүгінгі таңда аумағы 133 гектарды құрайтын аймақта инженерлік инфрақұрылым жүйелерінің құрылысы жүргізіліп жатыр. Қала әкімі Мұрат Әйтенов аталған аймаққа арнайы барып, құрылыс жұмыстарының барысын тексерді. Мұнда қазір 15 шақырымдық суаққы жүргізу жұмыстарының 12 шақырымы аяқталған. Осы жылдың маусым айында ауыз су жүйесін тарту жұмысы басталған.19,3 шақырымды құрайтын электр желілері тартылуда. Индустриалды аймақты инженерлік-инфрақұрылыммен қамту толығымен 2023 жыл соңына дейін аяқталады.
Бұған дейін, Қаратау ауданында 12 ірі және орта кәсіпорындар жұмыс істейтінін жазған болатынбыз. Мемлекет басшысының 2025 жылға қарай өңдеу өнеркәсібінің экспортын 1,5 есеге көбейту туралы тапсырмасына сәйкес, 2 индустриалды аймақ ашу жұмыстары басталды. Оның бірі – жоғарыда сөз болған «Бозарық» тамақ өнеркәсібі индустриалды аймағы болса, екіншісі – «Агроиндустриалды аймақ» өндірістік жылыжай кешені. Бұл – 11 млрд теңгені құрайтын инвестициялық жоба. 369 жұмыс орнын құрумен 14 жоба жүзеге асады. Нәтижесінде үшінші мегаполистегі өңдеу өнеркәсібі өркендей түспек.
Өңдеу өнеркәсібін дамыту бағытында қолға алынған жұмыстың бірі – «Жұлдыз» индустриалды аймағы. Қазір мұнда инфрақұрылымды қалыптастыру жұмыстары басталып кеткен. 306 гектар жер аймақта құрылыс, металлургия, фармацевтика, жиһаз өнеркәсібі дамитын болады.
Одан бөлек, жеке индустриалды аймақтарды ашу бойынша да жұмыстар жүріп жатыр. Шымкенттің 3 индустриалды аймағында алғашқы бес айда 1,8 млрд теңгеге 274 жұмыс орнымен 4 жоба жүзеге асырылды. Жыл соңына дейін инвестиция көлемі 38,1 млрд теңгеге болатын 13 жоба іске қосылады.
We constituted a cohort of women diagnosed with BC and who received at least one prescription of tamoxifen, anastrozole, letrozole, or exemestane between 1 January 1998 and 30 June 2008 donde comprar priligy mexico