ШЫМКЕНТТЕ БИЫЛ 1 МЛН 73 МЫҢ ШАРШЫ МЕТР ҮЙ ТАПСЫРЫЛАДЫ

Шымкентте тұрғын үй құрылысы екі пайызға артқан. Бұл туралы құрылыс басқармасының басшысы Мадияр Сансызбайұлы баспасөз турында мәлімдеді. Журналистер алдымен Әкімшілік-іскерлік орталығы, содан кейін Тұран – 2 және Бозарық шағын ауданындағы салынып жатқан тұрғын үйлердің құрылысы барысымен танысып, сапасына көз жеткізді.

Соңғы жылдары Шымкентте тұрғын үй құрылысы саласында ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Оның бірден-бір дәлелі 2020 жылы тұрғын үй құрылысын жүргізу бұдан екі есеге дейін төмен болатын. Биылғы жылы 1 млн 73 мың шаршы метр үйді тапсыруды жоспарлап отырмыз. Алдағы уақытта бұл көрсеткішті 2 млн шаршы метрге дейін жеткізу көзделіп отыр. Ол үшін бекітілген арнайы жоспар бар. Басқарма тарапынан уақытылы, кезең-кезеңімен жұмыстар атқарылуда, – деді басқарма басшысы.

Сондай-ақ құрылыс саласындағы жайсыз жағдайларды есекере отырып, құрылыс материалдарының сапасы да жоғары талаппен тексеріліп жатқандығын атап өтті. Құрылыс нысандары пайдалануға берілгеннен кейін мердігер тарапынан кеткен ақаулықтар үшін 5 жылға дейін кепілдік беріледі. Тұрғын үйлердің сапасы мен апаттық жағдайларға тұрақтылығы арнайы мамандардың тексеруінен өтеді. Қазіргі таңда Бозарық шағынауданында Шымкент қаласының құрылыс басқармасы тарапынан 54 тұрғын үйдің – 2198 пәтер құрылысы жүргізілуде. 2023 жыл қорытындысымен 49 тұрғын үйді толығымен пайдалануға тапсыру жоспарланған. Ал, қалған 5 тұрғын үй келесі жылға өтпелі. Одан бөлек, биылғы жылы 9 инженерлік магистарлды нысанның 5-еуін толығымен пайдалануға тапсыру жоспарланған.

Айта кетейік, Шымкент қаласының құрылыс басқармасы тарапынан әкімшілік-іскерлік орталығында 2020-2022 жыл аралығында жалпы 16 тұрғын үй пайдалануға тапсырылған. Ал биыл жыл соңына дейін 3040 пәтер ел игілігіне берілмек.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.