ШЫМКЕНТТЕ ЖОЛ САПАСЫ ЖАҚСАРЫП КЕЛЕДІ

Шымкент қаласында бүгінде жол-құрылыс жұмыстары қарқын алған. Қаладағы асфальт жолдың жақсы және қанағаттанарлық үлесі 67,4%-ды құрайды. Шаһарда жол инфрақұрылымын дамыту, жол сапасы мен көшедегі көлік қозғалысын реттеу – маңызды басым бағыттардың бірі. Шымкент – автокөліктің көбеюі бойынша елімізде көш бастап тұрған қалалардың бірі. Осыған орай, соңғы жылдары қалада жол құрылысы бұрын- соңды болмаған қарқынмен дамып келеді.
Атап айтқанда, қазіргі уақытта Ташкент — Алматы бағытында қаланы айналып өтетін негізгі магистралды А-2 автомобиль жолын қайта жаңарту жұмыстары атқарылуда. Онда 31 шақырым, 8 кезең бойынша жол құрылыс жұмыстары жоспарланған. Бүгінде 1-ші және 3-ші кезеңінің құрылыс жұмыстары, Бадам өзенінен өтетін көпірдің құрылысы аяқталды. Биыл 2-ші және 4-ші кезеңді толығымен аяқтау жоспарланып отыр.
Одан бөлек, 16 шақырым «Оңтүстік айналма жолының» құрылысы қарқын алған. Аталған нысан Шымкент қаласы аумағымен қатынайтын транзиттік және басқа да автокөліктердің айналма жолмен қатынап, қала аумағындағы көлік кептелісін азайтуға және көлік қозғалысының қауіпсіздігіне септігін тигізбек. Оған қоса, жол бойында орналасқан елді мекендерде шағын кәсіпкерліктің дамуына ықпал етеді деп күтілуде.
Сондай-ақ, қаланың оңтүстік бағыттағы жалғыз кірме-шығыс жолына жүктемені азайту мақсатында 15,5 шақырымдық Қонаев даңғылының жалғасы салынуда. Нысан 6 кезеңнен тұрады. Оған қоса, Шығыс айналма, Өтегенов, Адырбеков көшелері, Темірлан тас жолының бойында жолаушылар өткелін салу жұмыстары атқарылап жатыр.
Сонымен бірге, Бәйдібек би-Арғынбеков көшелерінің қиылысында 3 деңгейлі жолайрықтың құрылысы қарқынды іске асырылуда. 15 мамыр күні халыққа қолайлы жағдай жасау мақсатында Арғынбеков көшесі ашылды. Жолайрық құрылысын биыл жыл соңына дейін толық аяқтап, пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

5 Comments

  1. Hi, i think that i saw you visited my web site so i came
    to “return the favor”.I’m trying to find things to improve my site!I suppose its
    ok to use a few of your ideas!!

  2. Salbutamol and other agents that act on adrenoceptors, including albuterol, ephedrine, and imipramine, are known as adrenergic drugs priligy fda approval The direct medical costs of a 5 year course of treatment for primary breast cancer in central Vietnam are much lower than in developed countries

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.