Шымкент қаласы соңғы үш жылда құрылыс алаңға айналды. Шаһардың туризм мен мәдениеттің ілгерілеуіне, экономикалық дамуы үшін инвесторларды тарту ісінде инфрақұрлымның маңызы зор. Әсіресе, қаланың транзиттік әлеуетін арттыру бағытында жақсы және қанағаттанарлық жолдардың үлесі басым болуы тиіс. Сондықтан қаладағы автомобиль жолдарына асьфалт жабындысы төселіп, орталық көшелерде ірі жолайрық құрылысы қарқын алған.
Шымкент аумағындағы жолдардың ұзындығы 3 247,6 шақырымды құрайды. Оның ішінде 2 189,5 шақырымына асфальтбетон жабындысы төселген. Қазіргі сәтте 935,6 шақырым жолға шағал тас төселсе, топырақ жол 122,5 шақырымды құрап отыр. Осылайша қаладағы автомобиль жолдың жақсы және қанағаттанарлық үлесі 67,4% пайызға жетті.
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында 2025 жылға дейін жергілікті жолдардың 95 пайызын жақсарту жөнінде Үкіметке тапсырма берген болатын. Бұл жұмыстар Шымкент қаласында тиісті деңгейде атқарылып жатыр. Әсіресе, соңғы жылдары инфрақұрылымды дамыту бағытындағы жұмыстар күн тәртібінен түскен емес. Мәселен, 2020 жылы жол құрылысы саласынада 225 нысан немесе 283,8 шақырым жол жөнделіпті. 2021 жылы 189,7 шақырым жолға құрылыс жүргізілсе, 2022 жылы 287,8 шақырым автомобиль жолы орташа және күрделі жөндеуден өткен. Ал, биылғы жылдың соңына дейінгі жоспар бойынша 304 шақырым жолдың құрылысы аяқталып пайдалануға берілмек. Осылайша, 2023 жылды жол құрлысы саласы жақсы және қанағаттанарлық жағдайын 71,2% пайызға жеткізіп, қорытындылауды жоспарлап отыр.
Сондай-ақ, биыл қалаға кіреберістегі басты магистралды жолдағы жолайрықтың құрылысы, қаланың Солтүстігі мен Оңтүстігін байланыстыратын магистралды жолдың, қаланың транзиттік әлеуетін арттыратын Бәйдібек би-Арғынбеков жолайрығы, Оңтүстік және Шығыс айналма жолдары, Қонаев даңғылының 3-ші кезеңін, Өтегенов көшесінің жалғасын, Темірлан тас жолы және А-2 автомобиль жолындағы үш жаяу жүргіншілер өткелдерін пайдалануға беру көзделіп отыр.