ШЫМКЕНТТЕ ТАБИҒИ ГАЗ УАҚЫТША ӨШІРІЛДІ

Шымкент қалалық әкімдігінің хабарлауынша, қаланың кейбір аудандарында уақытша газ өшті. Шаһар тұрғындарының алаңдауына негіз жоқ. Себебі, бұл Шымкент қаласында шағын аудандар мен құрылыс жұмысы аяқталған көпқабатты тұрғын үйлерді табиғи газға қосу үшін жасалынған жұмыстар болатын. Осылайша, ағымдағы жылдың 1-7 қарашасы аралығында төмендегі тұрғын үйлер мен шағын аудандарға табиғи газ беру кезең кезеңімен тоқтатылды. Сонымен:

Төлеметова көшесі- мерзімі 2 күн

— «Көкжайлау» тұрғын үй кешені-12 дана

— Көпқабатты тұрғын ұйлер- 34 дана (Бәйдібек пен Өтегенов көшелерінің аралығы)

— «TIP PARK» элиталык қала- жеке тұрғын үй – 110 тұтынушы.

— 2 жекешелендірілген мектеп, оның ішінде «Назарбаев» атындағы жеке мектеп

— Көпқабатты үйлерге арналған қазандық (котельная)

Бозарық ш.а. бойынша-3 күн

— Өзбек, Ұста Мұхаммед, Қазақ радиосы, Шымған, Садовая көшесі-3100 тұтынушы

— 15 коммуналдық тұрмыстық тұтынушы, 5 дана оңдірістік мекеме.

Тұран ш.а. бойынша-1 кұн

— Тұран 2 м.а. ішіндегі көпқабатты үйлер (1300 пәтер) және коммуналдық тұрмыстық мекемелер мен өндірістік тұтынушылар

«Ескі қала» бойынша – 2 күн (бұл мерзімге ВДГО кірмеген)

ПГБ-135

— Бостандыкская, Хаят, Милицейская, Шымкентская, Узбекская, Турысова, көшелеріне қарасты 1125 абонент жер үйлер, көп қабатты 12 үй (380 пәтер)

— КТМ-18 дана және 5 дана ірі кәсіпорындар

ПГБ- 8

— МЖК, Текстиль аумағы мен Кабанбай батыра, Володарский, Юность, Анарова көшелеріне қарасты 234 жер үйлер және 35 дана көп қабатты үйлер (2055 пәтер)

— КТМ-18 дана және 7 дана ірі кәсіпорындар

«Әкімшілік іске орталығы»- 3,4 күн (бұл мерзімге ВДГО кірмеген)

Абонент саны-8000

Қосымша сұрақтар бойынша 8771-949-92-60, 39-48-54, 99-80-33, 39-74-81 нөмірлеріне хабарласуыңызға болады.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.