ШЫМКЕНТТЕ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ТАЛ ЕГУ ШАРАЛЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Шымкентте «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында жас экологтар тал екті. Акцияның “Жасыл аймақ” акциясы барысында барлық қала тұрғындары ағаш көшеттерін отырғызу және ақтау жұмыстарын жүргізді.

Іс шараға мектеп оқушылары да атсалысты. Белсенділер мектеп аулаларын абаттандырып, гүлдер отырғызды. Жалпы саны 30-ға жуық декоративті шырша ағашы мен 200 түп гүл отырғызылды.

Ал спортшылар Әл-Фараби көшесіне 100 түп көшет ағашын екті. Саябақтарды көгалдандырып, тазалық шараларын жүргізді. Шараға елге танымал спортшылар да өз үлесін қосты.

Бұдан бөлек, мәдениет мамандары да экологиялық акция аясында қала көшелерін санитарлық тазалау және абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Белсенділер республикалық деңгейде өтіп жатқан акцияға барлық қала тұрғындарын қатысуға шақырады. Өйткені, таза қала сіз бен бізден басталады.

Айта кетейік, аталмыш шара Мемлекет басшысының тапсырмасын сапалы жүзеге асыру мақсатында өткізілуде. Шымкент қаласы әкімдігі тарапынан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясын өткізудің іс-шара жоспары бекітілді.
Экологиялық акцияның алғашқы «Таза өлке» апталығында қала тұрғындары ерекше қолдау білдіріп, қоғам белсенділері, ерікті жастар, ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметкерлері іргелес аумақтар мен белгіленген аулаларды тазалау, көгалдандыру, ағаштарды күтіп-баптау жұмыстарына белсене қатысты.
Акция аясында 380 арнайы техника, 49 мыңға жуық адам жұмылдырылды. Сонымен бірге, 282 шақырым көше бойы, 85 шақырым аяқ жолдары, 59 мың дана ағаштарды әктеу және қырқу жұмыстары жүргізілді.
Нәтижесінде қаладан 300 тонна шамасында қоқыс шығарылды. 355 шақырым ирригациялық жүйе, 95 аялдама жуылып, 1200 дана қоқыс жәшігі (урна), 285 дана орындық сырланды.

 

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin