ШЫМКЕНТТЕ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тасқын судан аман отырған облыс және қала әкімдеріне аймақтарды көгалдандыру бойынша тапсырмалар берген болатын.

Дәлірек айтқанда, оларға көшелерді тазарту, көгалдандыру және елді мекендердің аумақтарын абаттандыру науқанын бастауды тапсырып, жолдарды ретке келтіру міндетін жүктеген.

Осыған орай елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталды. Науқан 5 аптаға созылады. Әр аптаның тақырыбы және мақсаты бар. Бүгінгі бірінші апта «Таза өлке» деп аталды. Осыған орай Шымкент қаласында да акция аясында тазалық жұмыстары ұйымдастырылды.

Қалалық ішкі саясат және жастар істері басқармасына қарасты «Жастар ресурстық орталығы» КММ қызметкерлері мен еріктілер «Абай» саябағы аумағын тазалады. Арық-атыздарды қоқыстан тазартып, ағаштардың түбін қопсытып, жолдарды сыпырды. Абай Құнанбайұлының ескерткішін жуып-тазалады.

Тазалық акциясы қаланың басқа да аумақтарында өтті. Қоғам белсенділері, жастар, ерктілер тазалық акциясына белсене қатысты. Акция алдағы апталарда да жалғасады, — деді Еңбекші ауданы бойынша жастармен жұмыс жүргізу бөлімінің басшысы Бауыржан Серікбай.

Айта кетейік, бүгінгі таңда мегаполисте 8 саябақ, 39 гүлзар бар. Шымкент қаласының жайлы ортаны дамыту басқармасының мамандарының айтуынша, 30 жыл ішінде экология саласында көп жұмыс атқарылды. Статистикаға сәйкес, еуропа елдерінде әр адамға 24 шаршы метр жасыл желек келеді. Шымкентте әзірге 5-6 шаршы метр. Жан басына шаққандағы жалпы стандарт бойынша жасыл желектер кемінде 10 шаршы метр болуы керек. Қала әкімдігі қызметкерлерінің жоспарлары бойынша, қаланы көгалдандыруға және абаттандыруға байланысты әзірленген арнайы бағдарламаға сәйкес, 2025 жылға қарай қосымша 23 гүлзар, 4 саябақ салынады!

Биылғы көктемде Шымкентте сәндік және жеміс ағаштарының 120 мыңнан астам көшеттерін және орман алқаптарында тағы 20 ағаш отырғызу жоспарлануда.

Осылайша, Шымкентте жеміс ағаштарын отырғызу есебінен жыл сайын «жасыл белдеу» аумағы да ұлғаяды, ол өз ауқымы бойынша 8000 гектардан асады. Қазіргі уақытта қала үшін микроклиматтың қалыптасуы маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Шымкент әкімдігінің және қала тұрғындарының басты мақсаты-Сүйікті Шымкентті тезірек «жасыл қала» ету. Сондықтан жыл сайын кешенді шаралар қолданылады және барлық суару жүйелері мен жасыл желектерге зерттеулер жүргізіледі.
Айта кету керек, Шымкентте қаланың жасыл желектерін күтіп ұстау, жаңа ағаштар отырғызу, мезгіл-мезгіл азықтандыру, суару, кесу, әктеу жұмыстары тұрақты негізде жүргізілуде. Қаланы көгалдандыру мамандары қасиетті Рамазан айында отырғызылған ағаштар тамыр жайып, ыстық күндерде адамдарға салқындық сыйлайды.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin