ШЫМКЕНТТЕ ТАҒЫ БІР ЖАҢА МЕКТЕП АШЫЛДЫ

Шымкент қаласының «Елтай» тұрғын алабында көптен күткен 650 орындық жаңа мектеп ашылды.

Бұған дейін елді мекеннің 600-ден астам оқушысы 4 шақырым қашықта орналасқан көрші ауылдың мектептеріне қатынап оқитын. Мектеп ғимараты заманауи құрал-жарақпен жабдықталған. Биология, химия, физика зертханалары және кең спорт залы бар. Ашылу салтанатына Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан мен Еңбекші ауданының әкімі Досбол Есілбек қатысты.

“Биыл Шымкент қаласында 40-қа жуық мектеп ашылады. Үш ауысымды мектеп 9 дан 4-ке азайды, келер жылы тіпті болмайды. Бүгін міне елтайлықтар үшін үлкен қуаныш. Бұл мектеп бір ауысымды болады. Түске дейін балалар білім алады, түстен кейін қосымша үйірмелерге қатысады. Жалпы, келешекте барлық мектеп осындай бір ауысымды болуы тиіс”, — деді Шымкент қаласы Білім басқармасының басшысы Жаннат Тәжиева.

Жеке инвестор салған мектепте білім беру жан басына қаржыландыру арқылы мемлекеттен қаржыландырылады және тегін, оқушыларды тасымалдау үшін де арнайы автобус қаралған. Мемлекет бағдарламасы балаларымыздың сапалы білім алуы үшін өте тиімді.

“Біздің мақсатымыз — тек қана білім беру емес, оқушылардың берген білімді меңгергеніне көз жеткізу. Сол үшін БИЛ, НЗМ, iQaanat сияқты мектептер пайдаланатын EDUCON компаниясының ақпараттық технологиясын қолдана отырып, оқушы өткен сабақты

бойына сіңіріп алғанша оқытамыз. Түсінбеген тақырыбын үйде отырып, видео сабақтар арқылы қайталай алады. Мұғалімдер мен ата-аналар оқушының барлық пәндер бойынша үлгерімін жыл бойы бақылап отыра алатын болады. Мұнда біз тек оқушылардың ғана емес, мұғалімдердің де білімін арттырып отыруға көңіл бөлеміз”, — деді мектеп директоры Ақмарал Көмекқызы.

 Естеріңізге сала кетейік, Шымкент қаласында 2022-2023 оқу жылында мектеп саны 20-ға артып, 223 мектепте 242 525 оқушымен 19 534 педагог оқу-тәрбие жұмысын бастады.

Оқу бағдарламасына сәйкес, оқушылар 36 оқу аптасында 173 оқу күн оқып, 192 каникул, демалыс күндерімен демалады. Оқу жылына 2 апта қосылуына байланысты біршама мүмкіндіктерге қол жетті.

 

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.