ШЫМКЕНТТЕ ШОМЫЛУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН — 13 ОРЫН

Шымкентте жазғы шомылу маусымы басталды. Төтенше жағдай министрлігінің деректеріне сүйенсек, жыл басынан бері елімізде 45 адам суға кетіп, қаза болған. Осыған орай, қаламызда төтеншеліктер су айдындарына бақылауды күшейтті.
Жазғы шомылу маусымының басталуына орай қала аумағында Тоғыс және Бадам су қоймала-рындағы «Холодильник» және «Рахат Бадам» демалыс орындарында, Қошқар ата өзенінің ба-стауында және қаладағы жеке аквасаябақтарда шомылуға рұқсат етілген.
Сонымен бірге шомылуға тыйым салынған 13 су айдындары ресми түрде айқындалған. Олар: «Текесу», «Ақжар» су қоймалары; «Бадам», «Сайрам», «Қарасу» өзендерінің барлық арнасы; «Шымкент магистральды каналы; «Янги-шек», «Азат», «Көкбұлақ», «Хауау», «Сасық» канал-дары, «Қайнарбұлақ» жасанды көлі; «Қошқар ата» өзенінің (өзеннің бастауынан басқа) – бар-лық арнасы.
Су айдынында қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар:
Бейтаныс жерлерде шомылмаңыз;
Суға мас күйінде түспеңіз;
Балаларды судың маңайында қараусыз қалдырмаңыздар;
Жүзу үшін тақтайша, камера, пенопласт, үрмелі матрастарды қолданбаңыз;
Жүзу білмесеңіз, суға беліңізден жоғары түспеңіз;
Түнде суға шомылмаңыздар;
Жағалаудан алыс жүзіп кетпеңіз.
Шомылуға рұқсат етілмеген орындарда және қала ішіндегі субұрқақтарға суға түсу адам өміріне қауіпті екенін ескертеміз!
Ережені бұзғаны үшін жауапкершілікке тарту қарастырылғандығы хабарлап, жеке тұлғаларға – жеті, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он, орта кәсіпкерлік субъ-ектілеріне – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салынатындығын еске саламыз.
Сіздің қауіпсіздігіңіз – сіздің жауапкершілігіңіз! Балаларыңызға субұрқақта шомылу қауіпті екенін ескертіңіз!

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.