Шымкентте жаңа аялдамалар орнатылып, жол сызықтары жаңартылуда. Автобустардың саны артып, автопарктердегі қоғамдық көліктердің саны 1000-ға жетті.
Бүгінде жолаушылар үшін қала іші және қала маңындағы 78 бағыт бойынша барлығы 882 қоғамдық көлік қызмет көрсетуде.
Тұрғындар тарапынан көліктер санын көбейту туралы өтініштер саны көбейген. Осы мәселе бойынша ,әлеуметтік маңызы бар;
№45 бағыттағы қоғамдық көлігіне қосымша 4 автобус қосылып, жалпы саны 12 автобус қызмет көрсететін болды.
№66 автобус маршрутына 9 бірлік қосылып, автобус саны 16 – ға артты.
№75 автобус маршрутына 2 бірлік қосылып, жалпы 12 автобус жолаушыларды тасымалдайды.
№138 автобус маршрутына 1 бірлік қосылып, жалпы автобус саны 11 болды.
№17 автобус маршрутына 3 бірлік қосылып, жалпы автобус саны 13 болды.
№34 автобус маршрутына 2 бірлік қосылып, жалпы автобус саны 14 болды.
№149 автобус маршрутына 4 бірлік қосылып, жалпы автобус саны 10 болды.
№55 автобус маршрутына 2 бірлік қосылып, жалпы автобус саны 8 болды.
№150 автобус маршрутына 2 бірлік қосылды.
№139 автобус маршрутына 2 бірлік қосылып, жалпы автобус саны 14 болды.
№20 автобус маршрутына 2 бірлік қосылып, жалпы автобус саны 10 болды.
№171 және №171А автобус маршруттарына жалпы 2 бірлік қосылып, жалпы саны 7-ге артты.
Аталған бағыттағы қоғамдық көліктері қазан айынан бастап жаңа бекітілген кестемен жолаушыларды тасымалдай бастайды.
Айта кетейік, қалада жылжымалы құрамды жаңарту мақсатында, 2020 жылы газ метанмен жүретін 590 жаңа автобус сатып алынған. Қазіргі уақытта барлық автобустар қалалық тұрақты маршруттарға тартылып, күнделікті тұрғындарды тасымалдауда. Аталған автобустарды газ отынымен қамтамасыз ету үшін 2 газ станциясы қызмет көрсетуде. Ал үшінші станцияның салу үшін инвестор анықталып, жер учаске бөлінген. Қазіргі таңда құрылыстың басталуына дайындық қызу жүріп жатыр. Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының дерегінше, қазіргі уақытта Шымкент қаласында 78 тұрақты қалалық маршрут қызмет көрсетеді, күнделікте маршруттарға 843 автобус шығады. Қалады жалпы автобустардың саны резервпен қосқанда 1000 автобусты құрайды. Жеке меншік нысанындағы 10 компания жолаушыларды тасымалдау қызметін көрсетуде. Ал, пайдалану мерзімі 3 жылға дейінгі автобустар саны 890 автобус немесе 89 пайызды құрайды. 2021 жылы Шымкент қаласындағы қоғамдық көліктерде «Төлем» электрондық төлем жүйесі енгізілді. Бұл жүйенің артықшылығы — төлемдердің ашықтығын, тасымалдаушылардың кірістілігін және қалалық бюджетке салық түсімдерін арттыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік маңызы бар тасымалдарды ұтымды субсидиялауына мүмкіндік беріп, көлік жүйесінің бюджетін қалыптастыруға таптырмас құрал болып саналады.
I love your blog.. very nice colors & theme. Did
you create this website yourself or did you hire someone to do it for
you? Plz answer back as I’m looking to create my own blog and would like
to find out where u got this from. cheers