
Шымкент қаласында 2020 жылы жолаушылар тасымалы мен қоғамдық көлікті дамытатын кешенді схема әзірленген болатын. Аталған жоспарда шаһардағы қоғамдық көліктер жаңасына ауыстырылып, электронды билет жобасын енгізу қарастырылған болатын.
Мұндай жаңалық шаһарда кезең-кезеңімен іске асырыла бастды. 2020 жылы тұрғындар мен қонақтарға резервпен қосқанда 895 қоғамдық көлік қызмет көрсеткен екен. Бүгінде 10 тасымалдаушы компаниның 1000-ға жуық қоғамдық көлігі жолаушыларға қызмет көрсетіп отыр. Қаладан шалғай орналасқан елді мекендерге жаңа бағыт ашылып, қала орталығына қиындықсыз қатынайтын жағдай жасалды. Сондай-ақ, қаладағы барлық қоғамдық көлік жаңа «Yutong» және «Ankai» маркалы заманауи көліктерге жаңаланды. Осылайша қоғамдық көліктің 90 пайызы жаңаланып, мегаполис мәртебесіне сай қызмет көрсету сапасы да артты.
Сонымен қоса, 2021 жылы Шымкент қаласындағы қоғамдық көліктерге енгізілген «Төлем» электрондық билеттендіру жолаушылардың жолақысын төлеу жүйесін едәуір оңтайландырды. Бүгінде жолаушылар жол ақысын тек картамен ғана емес, байланыс операторларына көлік кодын хабарлама арқылы жіберу арқылы және көпшілік қолданатын Kaspi.kz қосымшасында QR код арқылы төлеу мүмкіндігі қаралған.
Қазіргі таңда электронды көлік карталарының саны 700 мыңнан ал, күнделікті транзакциялар саны 350 мыңға жеткен.
Одан бөлек, TOLEM компаниясы өзінің платформасындағы экожүйені және функционалдығын кеңейту, пайдаланушы базасын ұлғайту, клиенттер үшін сервистерді жақсарту, әртүрлі қызмет салаларында цифрландыруға және сервистерді оңтайландыруға жәрдемдесу мақсатында «Open API» озық технологиясын енгізуде. Компанияның серіктестері мен әзірлеушілері енді ашық API арқылы деректерге, компанияның мүмкіндіктеріне және қызметтеріне қол жеткізе алады. Бұл TOLEM платформасымен интеграцияны жеңілдетеді, инновациялық қосымшаларды жасауға және компания өнімдерінің мүмкіндіктерін кеңейтуге жол ашады,