Шымкент қаласында құрылыс барысы қарқынды. Қалалық құрылыс басқармасы тарапынан бірқатар нысандардың құрылысы жоспарға сәйкес жүргізілуде.Шымкент қаласы әкімінің баспасөз орталығының мәлімдемесі осындай.
2023 жылы құрылыс басқармасы тарапынан 124 жобаны (156 нысан) іске асыру жоспарланған. Қазіргі таңда 104 жобаның құрылысы жүргізілуде. Биыл 95 жобаның құрылысын аяқтау жоспарланып отыр. Оның ішінде, қазіргі уақытта 2 нысанның құрылысы аяқталды (Тұран шағынауданы, 1 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы және ӘІО оқушылар сарайы). Ал 61 жобаның құрылысы 2024 жылға өтпелі.
Атап айтқанда, жыл соңына дейін 67 көпқабатты тұрғын үй, 13 инженерлік-инфрақұрылым, 6 білім, 1 мәдениет, 4 спорт, 2 төтенше жағдайлар және 1 денсаулық сақтау нысанының құрылысы тапсырылады.
Естеріңізге сала кетейік, Шымкент қаласының құрылыс басқармасы 2022 жылы бюджет есебінен жалпы құны 56,8 млрд. теңгені құрайтын 90 нысанның құрылысы жүргізілген еді. Оның ішінде, 31 кредиттік тұрғын үй және 20 арендалық тұрғын үй салынды.
Сонымен қатар, Инженерлік инфрақұрылым бойынша Тұран шағын ауданында 5 жоба, Бозарық шағын ауданында 6 жоба, ӘІО 2 жоба және Жанаталап тұрғын алабында 2 жоба пайдалануға берілді. Әлеуметтік нысандардың құрылысы бойынша 13 нысанның (4 спорт нысаны, 3 мәдениет нысаны, 2 саябақ, 2 өрт сөндіру нысаны, 1 биотермиялық шұңқырдың және 1 денсаулық сақтау құрылысы) құрылысы жүргізілді. Оның ішінде, 1 саябақ, 2 спорт нысаны, 1 өрт сөндіру нысаны және 1 биотермиялық шұңқырдың құрылысы 2022 жылы аяқталған. Сондай-ақ, 8 мектеп құрылысы, 1 колледж, 1 оқушылар сарайы және 1 балалар шығармашылық орталығының құрылысы жүргізілді. Жылдың аяғына дейін 5 мектеп, 1 колледж және 1 балалар шығармашылық орталығын пайдалануға берілді.