ШЫМКЕНТТЕ 178 АЯЛДАМА ЖАҢАРТЫЛДЫ

Шымкентте аялдамалар жаңартылып жатыр. Биыл Шымкенттегі ескі аялдамалардың 178-і ауысты. Аталмыш жұмыстарға 350 млн теңге қаржы қарастырылып отыр. Осылайша Төлеметов, Ізгілік, Патеев, Желтоқсан, Исмайлов, Жібек жолы сияқты бірнеше көшелер мен Тәуке хан, Республика, Бәйдібек би даңғылдары бойындағы аялдамалар жаңарды. Барлығы жаңа типте салынған.

Барлық аялдамалар шымкент қаласының жолаушылар көлігін дамытудың кешенді схемасына сәйкес орнатылды. Жоспар бойынша, 2020 жылдан бері 530 аялдама жаңартылған. Мамандар ескі аялдамалар басқа мақсатқа жұмсалмайды дейді. Олар қалаға кейін қосылған шалғай елдімекендерге орнатылмақ.Жолаушылар көлігін дамытудың кешенді схемасына сәйкес орнатылған аялдамалар шыныдан жасалған. Қоғамдық көлікпен жүретін көпшілік үшін барлық жағдай оңтайландырылған.

Ал, қолданысқа жарамды ескі аялдамалар қалаға іргелес жатқан елдімекендерге атап айтқанда, Жыланбұзған, Маятас пен Қарабастау тұрғын алаптарына орнатылуда.

Сала мамандары аялдамалардың ұзақ сақталып, шаһар көркін кіргізіп тұруы — сапасына ғана емес, қала тұрғындарының істелінген жұмысқа жауапкершілікпен қарап, орындықтарды сындырмай, тұрған орнын бүлдірмей таза ұстауына да байланысты екенін айтады.

Қазіргі таңда Шымкентте 1 886 аялдама орны бар болса, оның 1336-сы аялдама павильоны, қалғанына арнайы белгілер орнатылған.

Жұмыстар шілде айында басталған. Бірінші кезеңде 150, екінші кезеңде 28 аялдама орнатылды. Қазір шаһарда жаңа үлгідегі  — 848 аялдама бар. Алдағы 5 жылда 1050 аялдама жаіңарады деген жоспар бар.

Айта кетейік, Шымкентте жаңа аялдамалар орнатылып, жол сызықтары жаңартылуда. Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының дерегінше, қазіргі уақытта Шымкент қаласында 78 тұрақты қалалық маршрут қызмет көрсетеді, күнделікте маршруттарға 843 автобус шығады. Қалады жалпы автобустардың саны резервпен қосқанда 1000 автобусты құрайды.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.