ШЫМКЕНТТЕ 8 САЛАЛЫҚ ЖӘНЕ 7 ЖЕРГІЛІКТІ КӘСІПОДАҚ БАР

ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің» Үйлестіру кеңесі мүшелерімен кездесіп, пікір алмасты. Жиынға «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеев, салалық кәсіподақтар филиалдары мен жергілікті кәсіподақ төрағалары қатысты.

Бүгінде Аумақтық Кәсіподақтар Бірлестігінің құрамында 8 салалық кәсіподақ филиалдары және 7 жергілікті кәсіподақ бар. Жалпы 313 бастауыш кәсіподақ ұйымы жұмыс істейді. Іс-шарада кәсіподақтар жұмысын жандыру, жұмысшылардың құқығын қорғау мәселелері талқыланып, ұсыныстар айтылды.

С.Дәулеталин кәсіподақ әрқашанда халықтың мүддесін ойлап, халықтың игілігіне жұмыс істейтін ұйым екенін атап өтті.

Кәсіподақтың негізгі басты қағидаты – әлеуметтік әділеттілік. Біздің ортақ мақсатымыз – еңбек адамының әл-ауқатын арттыру, азаматтардың еңбек құқығын қорғау. Кәсіподақ – азаматтардың өз құқығын қорғай алуы, күш біріктіруі, әр адамның өз еркімен құратын ұйымы. Алда әлі де атқаратын жұмыс көп. Ендігі ретте бастауыш ұйым төрағалары ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын күшейту керек, – деді федерация төрағасы.

Сондай-ақ, жиында «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Б.Әлтеев 2023 жылдың 6 айында атқарылған жұмыстарды баяндады. 2023 жылдың 6 айында қалада 12 бастауыш кәсіподақ ұйымы құрылып, оған 2043 адам тартылған.

«Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі Үйлестіру кеңесінің 2023 жылы 5 отырысы өткізілді. Онда кәсіподақтың күнделікті жұмыс барысында туындайтын өзекті мәселелері талқыланып, шешу жолдары қарастырылуда.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.