ШЫМКЕНТ: “БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ” БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ НӘТИЖЕСІ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

“Бақытты отбасы” бағдарламасының нәтижесі baspana kz маркетінде азаматтардың жеке кабинетіне шықты.
“Отбасы банкі” жариялаған ақпараттарға сәйкес қатысушылардың төлем қабілеттігін бағалау қараша айының 7-і мен 30-ы аралығында жүргізіліп, азаматтардың ​ тұрғын үйді таңдау кезеңі желтоқсан айының 8-інен басталады. Іріктеу мерзімі аяқталған соң банк іректеуге арналған құжаттарды қабылдамайды. ​ Аталған тұрғын үйлер Шымыкент қаласының Арғынбеков және Тұран шағын аудандарында орналасқан.
2022 жылы Шымкент қаласына ​ “Бақытты отбасы 2-10-20” бағыты бойынша жалпы саны 472 отбасына оның ішінде ​ көпбалалы отбасылар-245 , мүгедек бала асыраушы отбасылар-187, толық емес отбасыларға-40 ​ лимит бөлінді. ​
Аталған бағыт бойынша өтінім тапсыру 20 маусымнан бастап ​ “Отбасы банк” АҚ-ның интернет-ресурсы арқылы ​ жүзеге асырылған болатын. Енді “Бақытты отбасы” бағдарламасының қатысушылары таза әрлеудегі ​ әкімдіктің тапсырысымен салынған үйлерді алады. Әлеуметтік тұрғын үй 3-4 жайлылық класына сәйкес келеді. Пәтерлердің ауданы 80 шаршы метрге дейін қарастырылған.
Еске салар болсақ, енді «Бақытты отбасы» бағдарламасының қатысушылары таза әрлеудегі әкімдіктің тапсырысымен салынған үйлерді алады. Әлеуметтік тұрғын үй 3-4 жайлылық класына сәйкес келетін және пәтердің ең үлкен ауданы 80 шаршы метрге дейін қарастырылған.
Қазіргі таңда Шымкент қаласы бойынша Бақытты отбасы» бағдарламасы қатысушыларының негізгі тізімдегі азаматтар арасында Тұран 2 шағын ауданындағы 168 пәтер және Нұрсәт шағын аудандарында орналасқан 162 пәтер бойынша конкурстар «Отбасы банк» арқылы жүргізілуде.
Сондай ақ 2023 жылдан бастап «Бақытты отбасы» бағдарламасына тұрғын үй кезегіндегі көпбалалы отбасылар, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар сонымен қатар 1 және 2 топ мүгедектері, мүгедек бала асыраушы отбасы санатындағы азаматтар аталған тұрғын үй бағдарламасына қатыса алады. «Бақытты отбасы» бағдарламасы бастапқы жарна -10%, банктің жылдық мөлшерлемесі – 2% -ды құрайды. Ипотекалық несиелендіру 20 жылға рәсімделеді. Толық емес отбасылар санатындағы азаматтар енді бұл бағдарламаға қатыса алмайды.
Айта кету керек, биыл «Бақытты отбасы» бағдарламасына жалпы саны 432 лимит бөлінген болатын. 2021 жылы Шымкент қаласы бойынша тұрғын үй кезегіндегі халықтың әлеуметтік әлсіз тобы мен көпбалалы отбасыларды қолдау мақсатында «2-10-20 Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында 365 отбасы несиелік баспанамен қамтылған.

 

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.