
Қазіргі таңда Шымкент қаласында «Белсенді ұзақ өмір орталығының» 2 бөлімшесі бар (1 орталық, 2 бөлімше). Мұнда зейнет жасындағы азаматтар 4 сағат, ал, жалғызбасты қарттар 8 сағатқа дейін жартылай стационар жағдайда қызмет түрлерін алады.
2019 жылы орталықта көрсетілетін қызмет түрі 15 болса, қазір олардың саны 31-ге жеткен. Атап айтсақ, физиотерапия кабинеті мен сенсорлық терапиясы болса, тұз кеніші (солева шахта), АRT терапиясы (сурет салу өнері, саз қолөнері, құмтерапиясы), ерлерге арналған еңбек терапиясы (шеберханасы), караоке зал (ән айту), әсемдік жасару терапиясы және бассейн бар.
— Ардагерлер мен зейнеткерлерге қамқорлық жасау, оларды қоғамның белсенді өміріне тарту мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Бүгінде орталықта 715-ке жуық зейнеткер арнаулы әлеуметтік қызмет түрін алуда. Қызмет алушылар орталыққа келгенде міндетті түрде бірінші дәрігерлік тексеруден өтеді. Апта сайын дендросаябаққа барып дене шынықтыру және йогамен айналысады, — дейді «Белсенді ұзақ өмір орталығының» басшысы Мауия Сахибекқызы.
Орталыққа келу үшін жеке кәулік пен зейнеткерлік куәлігінің көшірмесі, медициналық картаны толтырсаңыз жеткілікті. Осылайша, құрмет демалысына шыққан азаматтар қоғамдық, мәдени шаралардан да тыс қалмай, оларды қоғамға әлеуметтендіруде белсенді іс-шаралар жүргізілуде.
«Белсенді ұзақ өмір орталығы» КММ туралы толық ақпаратты 8(7252) 53-02-08 нөміріне хабарласу арқылы білуге болады.
Айта кетейік, жалпы бұл елімізде теңдесі жоқ бірегей жоба. Қазыналы қарттарға арналаған «Белсенді ұзақ өмір» орталығы ең алдымен Шымкент қаласында 2019 жылы ашылған. Ал қазірде тәжірибе алмасу мақсатында Қазақстанның 7 өңірінде жұмыс істеп жатыр. Ұлт саулығын арттыруға барынша көңіл бөлуге Президент тапсырма берген болатын. Мемлекет басшысының тапсырмасы жергілікті жерде орындалып жатқанының бір көрінісі осы. Мамандардың сөзінше бұл, мегаполистегі 83 мыңнан астам қариялар үшін жасалған жағдай.
Орталықтың қызметтерін тегін алу үшін ХҚКО-ға мынадай құжаттарды әкелу қажет: 1. Жеке куәліктің және зейнетақы кітапшасының көшірмесі; 2. Учаскелік дәрігерден алынған амбулаториялық картадан үзінді; 3. Флюорография;
- Оның психиатриялық ауруханада немесе наркологиялық диспансерде тұрмайтыны туралы анықтама; 5. Вакцинация паспорты; 6. Құжат тігілетін қалта.
232393 580778I want to start a weblog but would like to own the domain. Any tips how to go about this?. 88181
301685 79683Safest messages, or a toasts. are usually launched at 1 point during the wedding but are likely to just be hilarious, humorous to unusual as effectively. best man jokes 412496
969796 241628if the buffalo in my head could speak german i would not know a god damm thing. What i do know is that the language of art is out of this world. 620388