ШЫМКЕНТ: «БӘЙДІБЕК БИ-АРҒЫНБЕКОВ» ҮШДЕҢГЕЙЛІ ЖОЛАЙРЫҒЫ КЕЗЕҢ-КЕЗЕҢІМЕН АШЫЛУДА

Шымкент қаласында Бәйдібек би-Арғынбеков күре жолы қиылысындағы үш деңгейлі жолайрықтың құрылысы қазір қарқынды жүргізіліп жатыр. Жолайрық салу барысында графиктік кестенің сәйкестігі мен сапасын қадағалау мақсатында бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов құрылыс нысанын аралап шықты. М.Дүйсенбекұлы құрылысқа қатысты нақты ескертулер жасап, ел игілігіне берілетін нысанның жұмыстарын атқару кезінде сапаға деген жауапкершілік ең маңызды екеніне тоқталды.

Естеріңізге сала кетейік, 15 мамыр күні халыққа қолайлы жағдай жасау мақсатында жолайрықтың Арғынбеков көшесіндегі тұсы ашылған болатын. Ал 10 шілде күні Арғынбеков көшесінен келе жатқан көлік ағынына, сондай-ақ Бәйдібек би даңғылына түсетін оң жақ өткелдің көлік қозғалысына жол ашылды. Құрылыс жұмыстарын осылай ыңғайластыра отырып, көлік кептелісін азайту мақсатында жол кезең-кезеңімен ашылуда. Ал, жолайрық құрылысын толық аяқтап, көліктің барлық бағыттағы қозғалысын түгел қамту биылғы жылдың соңына жоспарланып отыр.

Тілге тиек етейік, Шымкент қаласының аумағына кіретін жолдардың жалпы ұзындығы 3247,6 шақырым. Оның ішінде асфальтбетон жабынды – 2189,5 шақырымнан тұрады, қазіргі уақытта шағал тас – 935,6 шақырымды, топырақ жол 122,5 шақырымды құрайды. Бүгінде қаладағы асфальт жолдың жақсы және қанағаттанарлық үлесі 68,1% пайызға тең. Қаламызда жол инфрақұрылымын дамыту мақсатында жыл сайын басымдылық берілуде. Мәселен, 2020 жылы жол құрылысы саласынада 225 нысан немесе 283,8 шақырым жол жөндеуден өтті. 2021 жылы 137 нысан немесе 189,7 шақырым жолға құрылыс жұмыстары жүргізілді. 2022 жылы автомобиль жолдары саласында 158 нысанда немесе 287,8 шақырым жолға жөндеу жұмыстары жүргізіліп, тапсырылды. 2023 жылдың 6 айдың қорытындысымен 31,2 шақырым жол жөндеуден өтіп, пайдалануға берілді. Бұл көрсеткіш жыл соңына дейін жоспарға сәйкес 280 нысан немесе 304 шақырымға дейін жетеді.

 

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.