ШЫМКЕНТ: «ДАУЫС» ӘҢГІМЕЛЕР АНТОЛОГИЯСЫНЫҢ ТАНЫСТЫРЫЛЫМЫ ӨТТІ

Әл-Фараби атындағы ғылыми-кітапханада «Дауыс» әңгімелер антологиясының таныстырылымы өтті. Жинаққа шығармасы енген жас қаламгерлер — Бақытбек Қадыр, Жәудір Нұртай, Досхан Жылқыбай мен Әлішер Рахат шымкенттік жастармен кездесті.

Жиынды Әл-Фараби атындағы ғылыми-әмбебап кітапхананың директоры Анар Жаппарқұлова ашты.

— Бүгін аты да, заты да ерекше еңбектің таныстырылымы өтіп отыр.«Дауыс». Ол кімдердің даусы?! Әрине, ол — жас қаламгерлердің даусы. Кейде әдебиеттанушы, сыншыларымыз «Жас жазушылар жоқ. Жас қаламгерлер қайда?» деп жатады.Міне, бүгін кітапсүйер қауым «Дауыс» әңгімелер антологиясы арқылы 10 жас автордың есімімен танысқалы отыр. Кітапқа жазушы Мұхтар Мағауин ағамыз алғы сөз жазып, қаламгерлерге сәттілік тілеген екен. Топтама өз оқырмандарын табады деген сенімдеміз. Бағасын көзіқарақты оқырман береді,- деді А.Жаппарқұлова.

Еркін форматта өткен жиында жас қаламгерлер өздерінің прозаға келуі мен антологияның құрастырылу тарихына тоқталды.

— «Дауыс» — тәуелсіз, еркін басылған антология. Бұған дейін де алдыңғы буын ағаларымыздың тырнақалды туындылары антология болып басылған. Антология — үлкенге де, кішіге де ыңғайлы. Себебі, жас жазушылардың шығармаларын бір жинақтан оқуға мүмкіндік береді. Замандастарымыз Есбол Нұрахмет пен Досхан Жылқыбайдың идеясымен антология құрастыруды қолға алдық. Еліміздің түкпір-түкпіріндегі елге танылып жүрген 10 қаламгердің туындысын іріктеп, оқырманға ұсынып отырмыз. Кітап «Altyn Qyran Foundation» қоғамдық қоры қамқоршылық кеңесінің төрағасы Исламбек Салжанов ағамыздың демеушілігімен «Мазмұндама» баспасында 1000 дана таралыммен шығып отыр. Бұған дейін Алматы, Астана қалаларында таныстырылымы өтті. Енді шымкенттік оқырмандарға келіп отырмыз. Оңтүстік өңірден Досхан Жылқыбай мен Жәудір Нартайдың туындылары енді,- деді Бақытбек Қадыр.

Кездесу барысында шымкенттік жастар жас прозаиктерге көкейтесті сауалдарын қойып, оқыған шығармаларына қатысты пікірлерін білдірді. Сондай-ақ, оқырмандар кездесу соңында жазушылардан қолтаңба алды.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.