Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес 2020 жылдың 6 наурызында Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан «Диспетчерлік қызмет орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылған болатын.
Мекеме қала аумағындағы қоғамдық көліктерге диспетчерлік қызмет көрсету, кестені сақталуын үздіксіз бақылау және маршруттар бойынша автобустардың және шағын автобустардың қалаларда, қала маңындағы үздіксіз және тұрақты қозғалысың қамтамасыз ету үшін жедел реттеу, сондай-ақ технологиялық процестегі көліктің барлық түрлерімен жолаушылар тасымалдауды үйлестіру болып табылады. Сонымен қатар жолаушылар тасымалы инфрақұрылымдарын жаңарту мен күрделі өзгерістерге байланысты қоғамдық көлік қозғалысы жобалары мен жүру сызбасын дайындаумен айналысады.
Қала аумағындағы көлік инфрақұрылымы құрылыс жұмыстарына байланысты , осы күнге дейін 1000-ға жуық сызба әзірленген.
Аталған мекемеге қатысыты тағы бір қызмет түрі — диспетчеризация
Диспетчерлік бақылау жұмыстары толық автоматты басқару жүйесі арқылы іске асырылады. Операторлар қоғамдық коліктерде орнатылған GPS-құрылғылар арқылы нақты уақыт режимде үздіксіз берілетін ақпарат арқылы көліктердің бекітілген сызба бойынша жүруін, сызбадан тыс шығуы, GPS-құрылғыларының дұрыс жұмыс жасамауы секілді жағдайларды бақылайды. Көлік жүргізушісі жол ережесін бұзған жағдайда, орталық тарапынан басқармамен бірлесе қатаң шара қолданылады.
Айта кетейік, Шымкентте жаңа аялдамалар орнатылып, жол сызықтары жаңартылды. Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының дерегінше, қазіргі уақытта Шымкент қаласында 78 тұрақты қалалық маршрут қызмет көрсетеді, күнделікте маршруттарға 843 автобус шығады. Қалады жалпы автобустардың саны резервпен қосқанда 1000 автобусты құрайды. Жеке меншік нысанындағы 10 компания жолаушыларды тасымалдау қызметін көрсетуде. Ал, пайдалану мерзімі 3 жылға дейінгі автобустар саны 890 автобус немесе 89 пайызды құрайды. 2021 жылы Шымкент қаласындағы қоғамдық көліктерде «Төлем» электрондық төлем жүйесі енгізілді. Бұл жүйенің артықшылығы — төлемдердің ашықтығын, тасымалдаушылардың кірістілігін және қалалық бюджетке салық түсімдерін арттыруға мүмкіндік береді.
This is my first time visit at here and i am
in fact pleassant to read everthing at alone place.