Қала әкімі Мұрат Әйтенов “Нұртас” елді мекенінде ораналасқан су жинақтағыш имарат құрылысын тексерді.
Айта кетейік, бұл имарат “Нұртас” елді мекені аумағында көп қабатты үйлердің салынуына байланысты алдағы уақытта су жетіспеушілігін болдырмау мақсатында салынып жатқан стратегиялық нысан.
Нысан құрылысы 1000 м3 су жинайтын 2 резервуардан, 2 насос, трансформатор және бақылау пунктінен тұрады. Аумағы темірбетон және болат сыммен қоршалған. Сонымен қатар нысанда 2 дана темір қақпа құрылысы мен көлік қою тұрағы және қоқыс тастау алаңшасы қаралған.
Аталмыш имарат құрылысы желтоқсан айында аяқталады деп жоспарлануда. Қала басшысы құрылыс жұмыстарын сапалы әрі уақытылы аяқтауды тапсырды.
Шымкенттегі Әл-Фараби ауданына қарасты Текесу елді мекенінде су құбырларын тарту жұмыстары аяқталды.
Қазіргі уақытта тұрғын үйлерді мемлекеттік ауыз су құбырына қосу, яғни абоненттеу жүргізілуде.
Аталған аумақ бойынша 13,5 шақырым су құбыры тартылды.
Айта кетейік, тұрғындар орталықтандырылған ауыз су құбырына қосылу үшін мемлекет тарапынан тасталған құбырдан үй ауласына қосу жұмыстарын өздері жүргізу қажет.
Сонымен қатар, жеке есеп шот ашу үшін меншік иесі, мемлекетті жер АКТ-і, жеке куәлік көшірмесін «Су құбыры және канализация басқармасы» МКК-ге өткізу керек.
Абоненттеу жұмысы толық аяқталған соң Текесу елді мекеніндегі 200 отбасы сапалы ауыз сумен қамтылатын болады.
Биыл қала тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамту мақсатында барлығы 7 нысанның құрылысы жүргізілді.
2022 жылдың қорытындысымен Құрсай, Асар-2, Текесу елді мекендері мен Нұртас су жинақтағыш имаратының құрылыс жұмыстары аяқталып, көрсеткішті 98% –дан – 99%-ға жеткізу жоспарланған.
2023 жылы қала тұрғындары 100 % сапалы ауыз сумен қамтылады деп жоспарлануда.
Қала әкімі шалғай елді-мекендердегі тұрғын үй құрылысына берілген жаңақұрылыс жер учаскелерін ауыз сумен қамтуды тапсырған болатын.
Осы мақсатта Еңбекші ауданына қарасты 6 тұрғын алапта, атап айтқанда “Қарабастау”, “Қаратөбе”, “Жұлдыз”, “Тоғыс”, “Жыланбұзған”, “Айнатас” елдімекендерінде құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Жұмыстар 2023 жылға өтпелі түрде жасалады деп жоспаолануда.
Қазіргі таңда, “Қарабастау” тұрғын алабындағы 1590 абонетті қамтитын ауыз су құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Құрылыс барысында жаңадан құбырлар тартылып, құдықшалар орнатылуда.
Еңбекші ауданына қарасты 6 тұрғын алапта, атап айтқанда “Қарабастау”, “Қаратөбе”, “Жұлдыз”, “Тоғыс”, “Жыланбұзған”, “Айнатас” елдімекендерінде құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Жұмыстар 2023 жылға өтпелі түрде жасалады деп жоспаолануда.
Қазіргі таңда, “Қарабастау” тұрғын алабындағы 1590 абонетті қамтитын ауыз су құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Құрылыс барысында жаңадан құбырлар тартылып, құдықшалар орнатылуда.
Және де алдағы уақытта “Жұлдыз” тұрғын алабындағы 484 абонетті қамту жұмыстары жүргізілмек.
Аудан аумағындағы 35 шағынаудан мен тұрғын алаптардың халық шоғырланған негізгі бөлігі инженерлік жүйелермен қамтылған. Ал, жаңақұрылыс аумағын ауыз сумен қамту жұмыстары 2023 жылы толығымен аяқталады деп жоспарлануда.