ШЫМКЕНТ: ОЙЫН АЛАҢШАЛАРЫ ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

Шымкенттегі Тұран ауданында 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай бір емес, төрт бірдей балалар ойын алаңшасы ашылды. Аудан әкімі Боранбай Нығметұлы көпқабатты тұрғын үйлердің ауласына арнайы келіп, ойын алаңшасын салтанатты түрде халық игілігіне тапсырды.

Ауданда биыл «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 13 балалар ойын алаңшасы салыну жоспарланған. Бүгін соның ішінде Бәйдібек би көшесіндегі №246 тұрғын үй және Құрсай, Отырар, Ақтас шағынаудандарында ойын алаңшаларының құрылысы аяқталып, тұрғындарға пайдалануға берілді. Тұрғындар көптен күткен қуаныштарын балаларымен бірге тойлады. Аулаға жиналған бүлдіршіндер әткеншек теуіп, сырғанап мәз-мейрам. Аниматорлар балаларға сыйлық ретінде доп және тәттілер үлестірді.

Тұран ауданының әкімдігі балалар мерекесіне үлкен сыйлық дайындады. Балалардың болашағы үшін еңбек етіп жүрген азаматтарға тұрғындардың атынан алғыс айтамын, – деді Тұран ауданының тұрғыны Меруерт Мұсағалиева.

Айта кетейік, балалар алаңшасының құрылысын «Тұран-ГГ 2007» компаниясы жүргізді. Көп ұзамай Ақжар, Арғымақ, Құрса , Қазығұрт шағынаудандары және 112 орамда да балалар алаңшасы пайдалануға берілетін болады.

Айта кететін жайт, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, қаладағы аудан әкімдіктерімен «Халық қатысатын бюджет» жобасы қолға алынған болатын. Жалпы, абаттандыру, ойын алаңшаларын салу жұмыстары 2021 жылдан бері тұрғындардың ұсынысымен «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында іске асырылуда.

Жобаның талаптарына сәйкес, екі апта ішінде жинақталған ұсыныстар аудан әкімдігі тарапынан құрылған Сараптамалық кеңеске ұсынылады. Сараптамалық кеңес жобалар тізбесін іріктеп, дауыс беру үшін сайтқа орналастырады. Дауыс беру нәтижелері бойынша көп дауыс жинаған жобалар аудан әкімдігі арқылы жүзеге асырылады.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.