ШЫМКЕНТ: ОТБАСЫ КҮНІНДЕ ЖАС ОТБАСЫЛАР САЙЫСҚА ТҮСТІ

Шымкентте Отбасы күніне орай «Салауатты отбасы —салауатты қоғам» атты отбасылық спорт жарысы өтті.

Салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған «FITNESS PARK KZ» жобасына Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы қолдау көрсетті. Мақсаты — жастардың дене шынықтыру мен спортқа деген қызығушылығын оятып, отбасылар арасында достық орнату, балалар мен олардың ата-аналарының денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау.

Бүгінгі отбасылық бәйгеде құрамы 4 адамнан (әкесі, анасы және 2 баласы) тұратын 25 жастан жоғары 10 команда бақ сынасты. Ата-анасына қолдау көрсетіп, сайысқа қатысқан балалардың жасы 9 — 17 жас аралығында.

Жарыс 7 эстафетадан тұрады. Барлық эстафеталар уақытының ең аз мөлшері бойынша анықталады. Жеңімпаздарды қазылар алқасы анықтайды.

Жарыс «Шармен секіру», «Су тасу», «Кір қыстырғыш жинау», «Жұмыртқаны жарып алма», «Көңілді доптар», «Қаппен секіру» және «Орнында тұрып ұзындыққа секіру» секілді көңілді сайыстарға толы болды. Тапсырмаларды орындау үшін отбасы мүшелерінен шымырлық пен шапшаңдық, байсалдылық, аса ұқыптылықты талап етеді.

Қазылар алқасының бағалау қорытындысына сәйкес ІІІ орынды Ринат пен Ақжібек Мустафина бастаған «Арыстан» командасы иеленсе, ІІ орыннан Талапбек

Қыпшақбаевтың «Достық» командасы көрінді. Жүлделі І орынға Оралхан Есембеавтың «Жанұя» командасы лайық деп табылды. Одан бөлек, сайысқа қатысқан барлық отбасыға Алғыс хат пен бағалы сыйлықтар берілді.

Естеріңізге сала кетейік, ұйымдастырушылар бұл жарыстың жүлде қоры:

 I орын  — 100 000 теңге және жеңімпаз дипломы

II орын  — 70 000 теңге және жеңімпаз дипломы

III орын — 50 000 теңге және жеңімпаз дипломы

 Басқа қатысушы командаларға ынталандыру сыйлықтары, алғыс хаттар және гүл шоқтары тапсырылады  деп хабарлаған болатын.

 

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.