ШЫМКЕНТ: ТАРИФТІ ИНВЕСТИЦИЯҒА АЙЫРБАСТАУ ҚАДАМЫН ЖАСАДЫ

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман СКЛЯР алдағы жылыту кезеңіне дайындық мәселелері бойынша облыстар мен Астана, Алматы және Шымкент қалалары әкімдерінің қатысуымен селекторлық кеңес өткізді.

Үкімет басшысының бірінші орынбасары алдағы жылыту маусымының үздіксіз және қауіпсіз өтуі мақсатында жергілікті атқарушы органдар жоспарлы тәртіппен энергия объектілерін, инженерлік инфрақұрылымды, сондай-ақ, әлеуметтік сала мен тұрғын үй қорының объектілерін дайындауы қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ, селекторлық кеңесте энергетика, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлері өздері жетекшілік ететін бағыттар мен өзекті мәселелер бойынша сөз сөйледі.

Талқылау қорытындысы бойынша Роман Скляр өңірлердің әкімдеріне алдағы жылыту кезеңінің тұрақты өтуі үшін барлық жөндеу жұмыстарының уақтылы аяқталуын қамтамасыз етуді тапсырды. Өз кезегінде бейінді министрліктерге энергия кәсіпорындары мен инженерлік инфрақұрылымның күзгі-қысқы кезеңге дайындық барысын бақылауды күшейту тапсырылды.

Энергетика министрі Болат Ақшолақовтың мәліметінше, Қазақстандағы 37 жылу-электр орталоығының 19-ы қызыл аймаққа, 11-і сары аймаққа және 7-еуі жасыл аймаққа кірген. Бұл саралау станциялар мен мен ондағы жабдықтардың техникалық жағдайына қарай жүргізілген. Айта кетерлігі, 2020 жылмен салыстырғанда станцияны уақытша әкеп соқтыратын апаттық жағдайлардың саны 5 пайызға өскен. Еліміздегі кейбір ЖЭО-ының қызмет ету мерзімі 60 жылдан асады. Ал, станциялардың төрттен үш бөлігі жарты ғасырдан астам уақыттан бері жұмыс істеп тұр.

Осы деректердің барлығы Мемлекет басшысының «Тарифті инвестицияға айырбастау» саясатының қаншалықты қажетті екенін көрсетіп тұр. Бүгін біз қатардағы тұтынушы ретінде коммуналдық тарифтердің біртіндеп қымбаттағанына көңіліміз толмауы мүмкін. Бірақ, егер мемлекет тарифтерді қолдан шектеп, төмен етіп ұстап отырса, бұл салаларға инвесторлардың қаржы құймайтыны анық. Ондай жағдайда алдағы онжылдықта біз электр жарығы мен жылу қуатының, табиғи газ бен ауыз судың тапшылығына қайта-қайта тап бола береміз. Сондықтан еліміздің ортақ мүддесі мен өз болашағымыздың қауіпсіз әрі тұрақты болуы үшін баршамыз тарифтердің көтерілуіне түсіністікпен қарап, қуат көздері мен ауыз суды барынша үнемдеп пайдалануды үйренуіміз керек.

Бүгінде Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Шымкент қаласы әкімдігі бірқатар шараларды қолға алған. Атап айтқанда, «ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС-і инвестициялық бағдарлама қабылдап, 2022 жылы 121,3 шақырым электр желілері жаңартылған. Ал, биыл 126,3 шақырым желілер мен 4 қосалқы станциясын жаңарту жоспарланып отыр. Сондай-ақ, компания 2024 жылы 147,8 шақырым желі мен 3 қосалқы станцияны, 2025 жылы 90,2 шақырым желі мен 5 қосалқы станцияны жаңарту көзделіп отыр.

Бұдан бөлек Шымкент қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы тарапынан инженерлік инфрақұрылым желілеріне жұмыстары жүргізіліпті. «КазТрансГаз Аймақ» АҚ-ына тиесілі 898,9 шақырым табиғи газ құбыры жаңғырту үшін 28,2 млрд. теңге қажет. Бұл Шымкент қаласындағы газ құбырларының тозу деңгейін 12 пайызға төмендетеді.

Ал, «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-і 1 902,1 шақырым электр желісін жаңартуы тиіс. Ол үшін 31,4 млрд. теңге инвестиция тартылуы қажет. Бұл электр желілерінің тозу деңгейін 20 пайызға төмендетеді. Сондай-ақ, «Қуатжылуорталық-3» 19,8 шақырымдық жылу жүйесін жаңғыртуға 3,2 млрд. теңге инвестиция сала отырып, тозу деңгейін 15 пайызға төмендете алады.

«Су ресурстары Маркетинг» ЖШС-і де 83 шақырым су құбырын жаңғыртуға – 2,5 млрд. теңге, 18 шақырым су бұру жүйесін жаңғыртуға – 29,8 млрд. теңге инвестиция салуы қажет. Нәтижесінде ауыз су жүйесінің тозу деңгейі 21 пайызға төмендейді.

Бүгінде осы жұмыстың барлығын инвесторлар өз қаржысы есебінен жүргізе бастады. Сондықтан Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Дархан ҚАЙЫНБЕРДИЕВ ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанның басқа қалалары мен өңірлеріндегідей Шымкентте де коммуналдық қызметтер көрсетуге жаңа тариф қолданыла бастағанын атап өтті.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

  1. Do you have a spam issue on this site; I also am a blogger,
    and I was wondering your situation; many of us have created some nice practices and we are looking to trade techniques
    with others, be sure to shoot me an e-mail if interested.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.