Сегізінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының ІV сессияға ұсынылған мәселелер бойынша тұрақты комиссиялардың бірлескен мәжілісі болып өтті. Тұрақты комиссияда мәслихат төрағасы Нарымбетов Бахадыр Мәдәліұлы төрағалық етіп, күн тәртібіндегі 24 мәселені талқылады.
Олар:
- Шымкент қаласы әкімдігінің және Шымкент қаласы тексеру комиссиясының Шымкент қаласының 2022 жылғы бюджетінің атқарылуы туралы есептері;
- Шымкент қаласын дамытуда стратегиялық жоспарлаудың басым бағыттары мен орындалу барысы туралы;
- «2023-2025 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2022 жылғы 14 желтоқсандағы №23/217-VII шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
- «Шымкент қаласының Құрметті азаматы» атағын беру туралы;
- «Шымкент қаласының басқару схемасы туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2018 жылғы 22 маусымдағы №31/252-6с шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
- «Шымкент қаласы әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2018 жылғы 21 қыркүйектегі №37/295-6с шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
- Жолаушыларды тасымалдау қызметінің сапасын дамыту жоспары туралы;
- «Шымкент қаласы бойынша әлеуметтік мәні бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 11 желтоқсандағы №58/506-6с шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
- Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасының есебі туралы;
- «Шымкент қаласының аумағын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2020 жылғы 31 қаңтардағы №60/521-6с шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
- «Шымкент қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша тегін беру туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2020 жылғы 15 желтоқсандағы №72/675-6с шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
- «Шымкент қаласындағы тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 11 желтоқсандағы №58/505-6с шешiмiне өзгерістер енгізу туралы;
- «Шымкент қаласының мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 16 шілдедегі № 52/442-6с шешiмiне өзгеріс енгізу туралы;
- Республикалық ономастика комиссиясының қарауына Шымкент қаласының кейбір құрамдас бөліктеріне атау беру, қайта атау және транскрипциясын өзгерту бойынша ұсыныстар енгізу туралы;
- «Шымкент қаласының жер комиссиясы туралы ережені және комиссия құрамын бекіту және Шымкент қаласы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жою туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2021 жылғы 13 желтоқсандағы №12/99-VII шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
- «Шымкент қаласы әкімдігі жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңестің құрамын бекіту туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2021 жылғы 18 наурыздағы №3/23-VII шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
- «Шымкент қаласы әкімдігінің жанында «Бизнес Шымкент» өңірлік үйлестіру кеңесінің дербес құрамын бекіту туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2018 жылғы 27 шілдедегі №35/282-6с шешімінің күшін жою туралы;
- Шымкент қаласы мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы;
- «Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2018 жылғы 14 желтоқсандағы №42/342-6с шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
- Шымкент қаласы мәслихатының «Шымкент қаласы мәслихатының регламентін бекіту туралы» 2018 жылғы 13 қыркүйектегі №38/312-6с шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
- «Шымкент қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесін құру туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2001 жылғы 27 сәуірдегі №10/100-2с шешіміне өзгеріс енгізу туралы (Аппараттың ережесі);
- «Б» корпусы Шымкент қаласы мәслихаты аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы;
- «Шымкент қаласы мәслихатының 2023 жылға арналған жұмыс жоспары туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2022 жылғы 14 желтоқсандағы №23/226-VII шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
- Шымкент қаласы мәслихатының кезекті сессиясының өткізілуін жоспарлау туралы.
Жиынға қала әкімдігінің мүшелері мен аудан әкімдері, тиісті басқарма басшылары қатысты. Бірлескен мәжіліске қатысушылар күн тәртібіндегі мәселелер бойынша баяндамалар жасап, бірқатар ұсыныстар айтылды. Сонымен қатар күн тәртібіндегі, жолаушыларды тасымалдау қызметінің сапасын дамыту жоспары мен Шымкент қаласы бойынша әлеуметтік мәні бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы баяндамашы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Наурыз Сугралиевтің баяндамасы бойынша кемшіліктер бар екендігін ескеріп, қайта зерделеу бойынша күн тәртібінен алынды. Ал қалған мәселелер бойынша депутаттар бірқатар сауалдар қойып, шешім жобасы төртінші сессияға ұсынылды.