ШЫМКЕНТ: ҚАЙНАРБҰЛАҚТАҒЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ МӘСЕЛЕСІ 2023 ЖЫЛЫ ТОЛЫҚТАЙ ШЕШІЛЕДІ

Шымкенттегі Қайнарбұлақ тұрғын алабында инфрақұрылым құрылыс қарқынды жүргізілуде. Бүгін шаһар басшысы М.Әйтенов аталған аумақта атқарылып жатқан жұмыс сапасын кезекті рет тексеріп шықты.

“Ескертулер еленбей қалмауы керек. Бірінші кезекте сапаға жіті мән береміз, ал нысандардың мерзімінен кешіктірілмей пайдалануға берілуі — негізгі шарт”,-деді қала әкімі тиісті сала басшыларына тапсырма жүктей отырып.

Қайнарбұлақ тұрғын алабын ауыз сумен қамту құрылысы жоспарға сай кезең кезеңімен жүзеге асуда.

Ауыз су жүйелерінің жалпы ұзындығы 329,8 шақырымды құрайды. Бүгінгі таңда 30%-ы тартылған. Жоспар бойынша құрылыс жұмыстары 2023 жылы аяқталады.

Ал табиғи газбен қамту құрылысы II кезең бойынша жүргізілуде. І кезең бойынша жалпы жұмыс көлемінің 25%-ы аяқталған. ІІ кезеңнің де құрылыс жұмыстары қарқынды. Тұрғындар игілігіне келесі жылы берілмек.

Сондай-ақ елді мекенді сапалы электр қуатымен қамту бойынша да жұмыстар жүргізілуде. Электр жүйелерінің жалпы ұзындығы 68, 6 шақырымды құрайды. Бүгінде оның 40%-ы аяқталды. 2023 жылдың алғашқы жарты жылдығына дейін жергілікті халық сапалы электр жарығын тұтынатын болады.

Оған қоса, көшелерді жарықтандыру мәселесі де рет-ретімен шешілуде.

Биыл Степная, Бөлешов, №125 мектеп орналасқан көшелер жарықтандырылса, келесі жылы Дружба, Фабричная, Металлург, Заводская көшелері жарықтандырылатын болады. 60 750-ге жуық тұрғыны бар Қайнарбұлақта қазір 329,8 шақырымды құрайтын ауыз су құбырлары тартылуда. Әзірге 50 шақырымы біткен.
Табиғи газбен қамту жұмыстары екі секторға бөліп жүргізілуде.
Жаңақұрылыс тұрғын алабында ұзындығы 233,4 шқ болатын газ жүйелері тартылуда.
Саяжай алабында газ жүйелерінің ұзындығы: 206,7 шқ.
Екі сектордағы құрылыс жұмыстарды келесі жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған.
Сонымен қатар электр жүйесімен қамтудағы жұмыстар 2023 жылдың ІІІ-тоқсанында аяқталмақ. Жалпы электр жүйелерінің ұзындығы 68,6 шқ. құраса, осы кезге дейін жұмыстың 40%-ы орындалды.
2020 жылы Центральная көшесі, 2022 жылы Степная, Бөлешов, №125 мектеп көшелері жарықтандырылдыАл 2023 жылы Дружба, Фабричная, Металлург, Заводская, Құрасбеков, Шанин, Жаңақұрылыс көшелері жарықтандырылатын болады.
Саяжай электр жарығымен 100 пайыз қамтылған. Ауыз су толық берілген. Табиғи газбен қамтылмаған, газдандыру үшін жобалау жұмыстары жүргізіліп, сараптама қорытындысы алынды. Құрылыс жұмыстарына бюджеттік өтінім жолданды. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарына жергілікті бюджеттен қаржы қаралып, мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде. Құрылыс жұмыстары 2022-2023 жылдары жүргізіледі.
Мұндағы 222 көшенің 32-сі асфальтталған болса, 190-ы тас жол. 2021 жылы 24 шақырым топырақ жолға шағал тас төселді. Биыл Энергетик, Карданник, Пресс автомат, Дорожный, Восход, Металлург, Русские березки, Серегин, Толстой көшелері секілді 14 көшеге асфальт төселеді. 2023 жылы — 28 көше (9,2 км), 2024 жылы — 19 көше (14,9 км), 2025 жылы — 8 көше (34,9 км) асфальтталады.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.