Қаратау ауданына қарасты Қайнарбұлақ тұрғын алабында ауыз су құрылысы жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары 2023 жылы аяқталып, пайдалануға беріледі.
Бекітілген жобаға сәйкес, 329,8 шақырым ішкі орамдық су жүйелері тартылады. Қазіргі уақытта 40 шақырым су құбыры тартылып, құрылыстың 15 пайызы аяқталды.
Айта кетейік, Шымкент қаласында мемлекеттің инженерлік инфрақұрылымды дамыту бағдарламалары сәтті іске асып жатыр. Мәселен, Шымкент қаласы республикалық мәртебе алған 4 жыл ішінде тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету көрсіеткіші 93 пайыздан 98 пайызға артты. Атап айтар болсақ, қалада өткен жылы 14 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізілген. 2021 жылдың қорытындысы бойынша,барлығы 10 елді мекенде құрылыс жұмыстары аяқталған. Нәтижесінде Тұран, Асар-2, Солтүстік саяжай, Ынтымақ-2, Батыс, Жаңатұрлан және Ақтас-2, Жаңаталап, Сәуле (276 орам) және Нұртас елді мекенінде ауыз су мәселесі түбегейлі шешілді. Сонымен қатар, 3 магистралды суаққының құрылысы аяқталып пайдалануға берілді.
Абай ауданына қарасты Арғымақ шағынауданында ауыз су мәселесі бұған дейін өзекті болып келді. Жоспар бойынша 2021 жылы мердігер компания құрылысты бастап, 6,8 шақырымға су құбыры тартылды. Маусым айынан бастап тұрғын үйлерге су беріле бастады. Ал Құрсай шағынауданында екі кезеңнен тұратын құбыр жүргізу жұмыстарының 60 пайызы орындалды.
Қазіргі таңда Шымкентте сапалы ауыз сумен қамту мақсатында 7 нысанда су құбырларын тарту жұмыстары кезең-кезеңімен іске асырылып жатыр. Олар — Құрсай-1 мен 2, Асар-2, Нұртас, Текесу, Қайнарбұлақ шағынаудандары, Еңбекші ауданындағы жаңа құрылыс аумақтары. Тиісті жұмыстар аяқталған соң бұл шағын аудандарда 11 мыңнан астам тұрғын ауыз суға қол жеткізеді.
Жалпы, Шымкентте ауыз суды кестемен тұтынатын тұрғын алаптар саны жыл сайын азайып келеді. Қалада жалпы 81 шағынаудан мен тұрғын алап болса, оның 78-і сапалы ауыз сумен толық қамтамасыз етілген. Жауапты мамандар 2023 жылы қала халқы таза сумен толық қамтамасыз етіледі деп жоспарлап отыр.
Currently it looks like Expression Engine is the best blogging platform available right now.
(from what I’ve read) Is that what you’re using on your blog?