ШЫМКЕНТ: ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ АЛЫП, КӘСІБІН БАСТАҒАНДАР АЗ ЕМЕС

Биыл Шымкент қаласы бойынша әлеуметтік осал топтағы азаматтарға қолдау ретінде 447 қайтарымсыз грант беру жоспарланған. Өткізілген бірінші және екінші лектің өзінде 6000-ға жуық адамнан өтініш түскен болса, оның 228-не оң шешім қабылданып, грант ұтып алған.

Мемлекеттік бағдарламаның шарапатын көрген жанның бірі – Балнұр Байкөзова. «Балдай нұр» атымен қала аумағына ашытқысыз нанымен таныс. Нарықта ашытқысыз нанның пайдасын түсінгендіктен бағасы жоғары. Бағасына қарап, «мұндай қымбат нанды кім жейді» деп ойлауыңыз әбден мүмкін. Алайда нарықта осындай нанға сұраныс жоғары көрінеді. Себебі артық салмақтан арылғысы келетін, жалпы, денсаулығын күтіп, салауатты өмір салтын ұстануға ниеттенгендер ең әуелі өздерін ашытқысыз, глютені бар наннан тыйып жатады. Кәсіптің көзін тапысы келген Балнұр да нарықты зерттей келе, қолынан келетін іспен айналысқан. Алғашқыда осы нанды жасап үйренемін деушілерге шеберлік сабақтарын өтіп жүрген. Бүгінде кішігірім цехында 40-тан астам өнім пісіріп, өзінің дүкенінде сатады.

Ол грант алмас бұрын шағын кәсібін үйінде бастап, тапсырыс алып жүрген. Бастаған жобасын кеңейту үшін қаржылай қолдау керек екенін түсініп, мемлекеттік бағдарламаға қатысады.

Қаражатқа қажетті пеш, қамыр айналдыратын миксерлер сатып алдым, мұның өзі мен үшін үлкен қолдау болды. Барлық қолдаған жақындарыма алғысымыз шексіз, – деген кәсіп иесі бұл грантты шынайы ниет пен адал істің арқасында иеленуге болатынын жеткізді.

Иә, тұтынып жүрген астың кейбірі зиянды деп жүргенімізде қаламызда пайдалы нан пісіру кәсібін қолға алған кәсіпкердің алға қойған мақсаты айқын, жоспары көп. жас кәсіпкердің «Балдай нұр» өнімін брендке айналдырсам деген ниеті бар.

Айта кетейік, Шымкентте биыл «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту» Ұлттық жобасы шеңберінде 447 адамға 400 АЕК дейінгі мөлшерде мемлекеттік грант беру жоспарланған. Өтініштер төрт лек бойынша комиссияда қаралып, мақұлданады. Алғашқы лекте шымкенттіктерден 3100 өтініш түсіп, оның 115-і грант ұтып алды. Мемлекеттік грант алған жандардың 17-і мүмкіндігі шектеулі азамат, 58-і көп балалы отбасы, 15-і мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған жан, 12-і асыраушысынан айрылғандар, 13-і атаулы әлеуметтік көмек алатын аналар. Қайтарымсыз грант алған жандар кәсібін дөңгелетіп, ісінің аясын кеңетуге осылайша мүмкіндік алды.Екінші легіне 2893 азамат бизнес-жоба ұсынды. Оның 114-і өтті.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.