ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ТҰРАНДЫҚТАРДЫҢ БАСТАМАСЫН ҚОЛДАДЫ

Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов Тұран ауданы тұрғынының гүлзар салу бойынша ұсынысын пысықтау үшін Самал-1 шағынауданына арнайы барды. Белсенді азамат Ералы Күнходжаев бұл бастамасын жуырда қала әкімінің аудан тұрғындарымен есептік кездесуінде көтерген болатын.

Мұрат Дүйсенбекұлы қажеттілікті ескере келе Жандосов көшесінің қиылысындағы бос алаңшада гүлзар құрылысын жүргізуге қолдау көрсетті.

Ауданның жанашыры жыл соңына дейін демалыс орнының жобалау-сметалық құжаттамасын ұсынатынын жеткізді. Қала әкімі қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасына келесі жылы гүлзар құрылысын бастауды тапсырды. Сондай-ақ демалыс аймағының жобасын жергілікті тұрғындармен бірлесе отырып, бекіту қажеттігін ескертті.

Естеріңізге сала кетейікғ қаланың жаңа бас жоспарын таныстырған кезде Шымкент қаласы Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы Ержан Нұразханов: «Қаламызда жасыл желек 5 есеге дейін көбейеді. Бас жоспардан кейінгі кезең егжей-тегжейлі жоспар бойынша Шымситиде 48 гектар саябақ бар. Саябақтың ортасында салынып жатқан Конгресс хол болады, опера театры салынады. Сондай адамдарды тартатын орынға айналады. Саябақтағы ирригациялық жүйе жақсы қарастырылған. Шымситидегі саябақ тарихта орын алады. Дендросаябаққа дейін созылады. Мұндағы мақсатымыз – қалада бір саябақтан екінші саябаққа дейін жаяу баруға болатындай мүмкіндік жасау. Сол сияқты Тұран шағынауданының да өз саябағы болады. Саябақ құрылысының бірінші кезеңі биыл басталады»,-деген еді.

Айта кетейік, бүгінгі таңда мегаполисте 8 саябақ, 39 гүлзар бар.
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің хаттамалық тапсырмасына және шаһарды көгалдандыру мен көріктендіруге байланысты жасалған арнайы бағдарламаға сәйкес 2025 жылға қарай қосымша 23 гүлзар, 4 саябақ салынады.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.