Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов Әл-Фараби ауданы тұрғындарына 9 айда атқарылған жұмыстар бойынша есеп беріп, мәселелерін тыңдады. Кездесуге зиялы қауым өкілдері, қалалық мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, құқық қорғау органдары мен басқарма басшылары қатысты.
Шаһар басшысы әлеуметтік-экономикалық даму мен инженерлік-инфрақұрылыммен қамтылу жұмыстарының барысынан хабардар етті. 9 айда атқарылған жұмыстарды қорытындылап, есепті кезеңде оң көрсеткіштер бар екенін атап өтті.
— Қалада инженерлік инфрақұрылым жүйелерімен қамту жұмыстары 2025 жылы толық шешімін табады. Кәріз жүйесімен қамту көрсеткіші 75 пайызға жетпек. Тұрғындардың әр кездесуде көтеретін мәселесі — инфрақұрылым. Қазіргі таңда аудандарда Қоғамдық бақылау кеңестері құрылып, тұрақты жұмыс атқаруда. Бұл жұмыстар одан әрі жалғасады, — деді қала әкімі.
Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев аудандағы барлық салада жүзеге асқан жұмыстарды баяндап, бірқатар мәселелерге тоқталып өтті.
Кездесуде тұрғындар жалпы инфрақұрылыммен қамту, әлеуметтік мәселелер, баспана, аулаларды абаттандыру, жол инфрақұрылымын дамыту мәселелерін көтерді.
Қала әкімі әр тұрғынның мәселесін тыңдап, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.
Қала әкімі Мұрат Әйтенов жиын барысында биыл Әл-Фараби ауданы бойынша 59 жоба халық қатысатын бюджет аясында шешімін тапқанын айтты. Атап айтқанда 50 балалар алаңшасы және 9 ашық спорт алаңшасы ел игілігіне берілді.
«Былтыр 27 ауланы абаттандырдық, соның 14-ін халық қатысатын бюджетпен жүзеге асырдық. Биыл да құрылыс қарқыны жоғары. Мұның барлығы тұрғындардың атсалысумын атқарылуда»,-деді шаһар басшысы.
Жоспарға сай бұл межені 100%-ға жеткізу үшін келесі жылы тағы 32 балалар алаңшасы мен 7 спорт алаңшасының құрылысы жүргізілетін болады.
Great goods from you, man. I’ve be aware your stuff prior to and you are simply extremely great.
I actually like what you have obtained right here, really like what you are saying and the best way through which you assert it.
You’re making it enjoyable and you still care for to stay it wise.
I can not wait to learn far more from you. That is actually a tremendous site.