Шымкент қаласы бойынша қатты тұрмыстық қалдықтар Ақтас елді мекеніндегі ауданы 34 га қатты тұрмыстық қалдықтар полигонына (ҚТҚ) жіберіледі. 2023 жылға дейін аумағы 5 га іргелес аумақта «Green Line қоқыс өңдеу зауыты» ЖШС қалдықтарды сұрыптауды жүзеге асырды. 2023 жылдың басынан бастап ҚТҚ полигоны қала әкімдігінің «Шымкент сушар» ШЖҚ МКК балансына берілді. Сондай-ақ, «Green Line қоқыс өңдеу зауыты» ЖШС сұрыптау тоқтатылды.
2023 жылы полигонға 240,745 мың тонна қалдық әкелінсе, оның 81,9 мың тоннасы сұрыптауға бағытталды (34%). Алайда, қалдықтарды сұрыптау арнайы жабдықсыз, қолмен жүргізілуде.
Қала бойынша 2937 контейнер орнатылды. Пластикалық қалдықтарды жинау үшін 205, құрғақ және ылғалды фракциялар бойынша жинау үшін — 250, құрамында сынабы бар қалдықтарды жинау үшін – 50, нан қалдықтарын жинау үшін – 200 контейнер орнатылса, 2025 жылға дейін құрамында сынап бар қалдықтарды жинау үшін жыл сайын 50 контейнер орнату көзделуде.
Шымкент қаласы бойынша тұрмыстық қалдықтарды шығаруды тасымалдауды 15 кәсіпорын жүзеге асырады, автокөліктің жалпы саны 113. Олардың ішінде 88 бірлік GPS навигаторымен жабдықталған.
Экология департаменті мамандары 2023 жылы Шымкент қаласының аумағын санитарлық тазалау және абаттандыру жұмыстарына белсенді қатысты. ЖАО-мен бірлесіп Департаменттің деректері бойынша анықталған стихиялық қоқыстарды жою бойынша рейдтер жүйелі түрде жүргізіліп келеді.
Департамент тарапынан ЖАО-мен бірлесіп, 22 стихиялық полигондардың пайда болу орындарының қалдықтарын рұқсатсыз орналастыруды жою бойынша шаралар қабылданды, нәтижесінде
22 стихиялық полигондардың пайда болу нүктелері жойылды (Әл — Фараби ауданы — 6, Абай ауданы — 3, Тұран ауданы — 4, Еңбекші ауданы — 4, Қаратау ауданы-5).
«Қазақстан Ғарыш Сапары «ҰК» АҚ өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру орындарының ғарыштық мониторингінің деректері бойынша есепті жылы рұқсат етілмеген қоқыс тастайтын 26 нүкте анықталды.
Қазіргі уақытта аудан әкімдіктері тарапынан барлық нүктелерді тазартылды.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.