ШЫМКЕНТ: «ҚЫС-2022» ОҚУ-ЖАТТЫҒУЫ АЯСЫНДА ПРАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАЛАР ӨТКІЗІЛДІ

Шымкентте «Қыс – 2022 республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу аясында бірнеше практикалық іс-шара өткізу жоспарланған.

Республикалық оқу-жаттығудың кіріспесіне сәйкес Шымкент қаласында коммуналды–техникалық желілер мен теміржол көлігінде апат орын алды.

Теміржол айрығында тепловоз машинисі қателік жіберіп, мазутпен толтырылған 30 цистернасы бар т/ж составы рельстен шығып кетті, бір цистернадан жанар-жағар май төгіліп, соңынан өрт шығады.

Оқу-жаттығудың сценариіне сәйкес, станса бойынша кезекші маневрлік жұмыс кезінде жанар-жағар май төгіліп, кейіннен өрт шығып, цистерна жолдан шыққаны туралы ақпарат алады.

Т/ж стансасының басшылығы өрт поезын және ВП-39 қалпына келтіру поезын көтеру туралы шешім қабылдайды. Шымкент теміржол стансасының барлық жолаушылар пойыздарының қозғалысы тоқтатылды.

Бірден қауіпті аймақ периметрдің айналасында қоршалды.

Жоғары дәрежедегі шақырту бойынша Шымкент қаласы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің күштері мен құралдары келеді. Өрт сөндіру пойызы мен өрт сөндіру бөлімдері өртті сөндіруге кіріседі. Бірлесіп атқарған жұмыстардың нәтижесінде өрт 30 минутта ауыздықталып, толық сөндірілді.

Сонымен қатар, Шымкент стансасының қалпына келтіру пойызының бригадасы ЖЖМ бар 1 цистернаның рельстен шығу салдарын жоюға кірісті. Үйлесімді жұмыс нәтижесінде барлық пойыз рельстерге қойылды. ТЖ салдарын жою үшін ҚТЖ АҚ күштері мен құралдары жұмылдырылды: 50 адам, жолаушыларды эвакуациялауға арналған 7 бірлік техника және 4 арнайы техника, оның ішінде АЦ-40 автоцистернасы, 1 өрт пойызы және кран қондырғылары бар 2 техника.

Өртті сөндіру үшін Шымкент қаласы ТЖД Өрт сөндіру қызметінің жеке құрамынан 20 адам және 3 техникасы жұмылдырылды.

Практикалық іс-шара барысында «ҚТЖ» ҰК» АҚ бөлімшелері мен Шымкент қаласы ТЖ департаментінің ЖЖМ төгілу кезіндегі өртті сөндіру барысындағы өзара іс-қимылы пысықталды.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.