Шымкентте «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Өнегелі ұрпақ» апталығы өтуде. Апталық барысында көптеген іс шаралар ұйымдастырылуда.
«Өнегелі ұрпақ» акциясында «Өнегелі ұрпақтың ізгілігі» ұранымен жастар мен еріктілер қаланың бес ауданындағы жалғызілікті қариялар мен ардагерлердің үйлерінде тазалық жұмыстарын жүргізді. Тазалық жұмыстарына 470 ке жуық жас қатысты.
Жастар мен еріктілер Абай ауданындағы жалғызілікті қария — С.Болатбековтың, И.Диханбаеваның, А.Тұрғанбековтың үйлерінде, Әл-Фараби ауданында — Л.Печенкина, К.Панкина, Еңбекші ауданында – А.Педенко, В.Казанджиди, Қаратау ауданында М.Шанкөзова, Д.Мырышов, Тұран ауданындағы – Б.Тулгаева мен Б.Мамырованың үйлеріне барып, аулаларын тазалап, қоқыстарын шығарды, абаттандыру жұмыстарын жүргізіп, басқа да қажетті көмектер көрсетті.
Аталған іс-шараға жастармен қатар, Абай аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы – Ұ.Башенов, ауыл биі – Р.Анарметов, Әл-Фараби аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы – И.Рысбай, Еңбекші аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы – З.Жайшыбеков, қалалық мәслихат депутаты – А.Елшиева, Қаратау аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы – А.Тоқмағанбетов, «AMANAT» партиясының аудандық төрағасы – Р.Әбдез, Қаратау аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы – Ә.Сатыбалды, «AMANAT» партиясының атқарушы хатшысы – Ж.Бектаева және т.б. белгілі азаматтар қатысты.
-«Бүгін «Өнегелі ұрпақ» апталығы аясында қаламыздың жастары жалғызілікті қариялар мен аргерлердің үйлеріне келіп, тазалық жұмыстарын жүргізіп, қамқорлық танытуда. Бұл өте жақсы өнегелі іс деп білеміз. Қарияларымыз ерекше қуанышқа бөленіп алғыстарын айтуда. Біз өз кезегінде жастарға үнемі жақсы тәлім-тәрбие беріп, өнеге көрсетудемі және алда да осы жұмыстарды жалғастыра береміз», — дейді Абай ауданының ауыл биі Р.Анарметов.
«Өнегелі ұрпақ» апталығы аясында Шымкентте қариялар мен ардагерлердің үйлеріне барып тазалау, шөптерді ору, қоқыстарды шығару, ағаштарды әктеу және т.б. жұмыстар әрі қарай жүргізіліп, қарияларға құрмет жалғасуда.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.