
Шымкенттік 200-ден астам көпбалалы ана бұған дейін аз қамтамасыз етілген отбасы санаты бойынша атаулы әлеуметтік көмек алып келген. Қалалық жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты «Бақытты жанұя» орталығында тегін оқу курсын бітірген соң олар үй жағдайында жеке кәсіптерімен айналыса бастайды. Нәтижесінде кәсіптерін дөңгелетіп, табыс табуда. Олардың ішінде 61 әйел сұлулық салоны, тігін шеберханасы мен массаж кабинеті сынды жеке кәсіптерін ашқан.
«Бақытты жанұя» орталығында киім пішу және тігу, құрақ тігу, компьютерлік және шаштараз, SMM, маникюр-педикюр курсы мен дефектолог, логопед, балалар және ересектерге арналған массаж, кондитерлік 14 тегін оқу курстары бойынша оқытады. Соңынан сертификат беріліп, жұмыспен қамту шаралары да қарастырылған. Аз қамтылған көпбалалы отбасыларға қолдау көрсету бағытында жұмыс жүргізетін аталмыш орталық әйелдерге ақпараттық қолдау, психологиялық, медиаторлық, құқықтық кеңес беру, атаулы әлеуметтік көмекке құжат тапсыру, білім, денсаулық сақтау,тұрғын үй кезегіне тұру, Еqov.kz порталы арқылы құжаттарды тапсыру немесе алу қызметтері, aleumet.egov.kz сайты арқылы азық-түлік себеттеріне тіркелулеріне көмек көрсетеді. Жыл басынан бері өмірлік қиын жағдайға тап болған 806 азаматқа психологиялық құқықтық көмек берген.
Орталық мамандары сондай –ақ Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасы және «Отбасы банк» АҚ-мен бірлесе отырып бір мыңнан астам анаға тұрғын үй мәселесі бойынша кеңес берген. 238 азаматты тұрғын үй кезегіне тіркеуге көмек беріп, 30-ға жуық ана мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары арқылы баспаналы болды.
2022 жылдың қорытындысы бойынша, қала аумағында 31 382 адамға (ақпараттық қолдау, психологиялық, медиаторлық, құқықтық кеңес беру, атаулы әлеуметтік көмекке құжат тапсыру, білім, денсаулық сақтау (Медициналық Әлеуметтік Сараптама Жүргізу (ВТЭК) тұрғын үй кезегіне тұру, Еqov.kz порталы арқылы құжаттарды тапсыру немесе алу қызметтері, aleumet.egov.kz сайты арқылы азық-түлік себеттеріне тіркелуіне және т.б.) қызмет көрсетілді. Оның ішінде: 501 азаматтарға психологтың жеке кеңесі, 358 азаматтарға заңгер кеңесі берілген.
932085 185721Thankyou for all your efforts which you have put in this. very intriguing info . 638568
867492 200469I appreciate your function , thanks for all of the informative blog posts. 164675
619135 223474Pretty part of content material. I just stumbled upon your weblog and in accession capital to assert that I get actually loved account your weblog posts. Any way Ill be subscribing on your feeds or even I success you access constantly quick. 263383