Шардарада: Кәмелетке толмаған жасөспірімдер ісі бойынша мәжіліс өтті

Мәжіліске аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның төрағасы, аудан әкімінің орынбасары мәжіліс төрағасы Б.Шомпиев, Шардара қаласы,Ұзын-ата Жаушықұм ауылдық округінің әкімдері жастар жұмысына жауапты мамандары, аудандық адами әлеуетті дамыту, ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту, дене шыңықтыру және спорт бөлімінің жауапты қызметкерлері, Қ.Сағырбайұлы атындағы жалпы орта мектебінің директоры, тәрбие саласына жауапты педагогикалық қызметкерлері және құқық қорғау органының қызметкерлері қатысты.


Жиында күн тәртібінде тұрған бірқатар атқарылған жұмыстар тыңдалды. Атап айтсақ: бірінші Ұзын-ата ауылдық округінің әкімі Мұқан Мұсаев пен Жаушықұм ауылдық округінің әкімі Нұрбақыт Нұрсейітовтың кәмелетке толмағандар арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша атқарған жұмыстары туралы баяндамалары тыңдалды.

Сондай-ақ, балалар еңбегінің пайдалануға қарсы 12 күн» Ұлттық ақпараттық науқанында атқарылған жұмыстары туралы аудандық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Серік Естаев хабарлама жасады. Сонымен қатар Шардара қаласындағы Қ.Сағырбайұлы атындағы жалпы орта мектебінің директоры Жалғас Нұрымбет оқушысы жасөспіріммен болған келеңсіз жағдайларды болдырмау және олардың алдын алу бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті.

Баяндамашыларға жиын соңында мәжіліс төрағасы Б.Шомпиев пен комиссия мүшелері атқарған және атқарылуы керек жұмыстары бойынша сұрақтар қойып, іс жоспарларын бекітті.

Сондай-ақ, аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның төрағасы жұмысқа жауапты қызметкерлерге бірқатар тапсырмалар берді. 

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.