Шардара: Жанармай мәселесі талқыланды

Шардара ауданында күзгі дала жұмыстарына жүргізуге Үкімет тарапынан бөлінген жанар-жағармай (дизель отынын) мәселесі кеңінен талқыланды.


Жиында аудан әкімінің орынбасары Б.Шомпиев, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Т.Әлімқұл, сондай-ақ, ауданға бекітіліп, айқындалған жанар-жағармай тасымалдаушы операторлар: «Казроснефть» ЖШС өкілі Қ.Жұмабек, «Майсс» ЖШС-ның директоры Т.Алисат, «Нұрасу Юг» ЖШС-ның өкілі Г.Жақыпбековалар болды.

Мәжілісте қазіргі таңда ауыл шаруашылығы тауарөндірушілерді қолдау мақсатында күзгі дала жұмыстарын жүргізуге бөлінген дизель отынмен қамтамасыз ету бойынша аудандағы шаруаларға тасымалдау, жеткізіп беру жанар-жағармай (дизель отыны) қорының көлемі және оның бағасы жайлы сөз қозғалды.

Аудан әкімінің орынбасары Б.Шомпиев өз сөзінде облыс бекітіп берген кестеге сәйкес, Шардара ауданына 2021 жылы аудандағы күзгі дала жұмыстарын жүргізуге бөлінген жанар-жағар майды (дизель отыны) агроқұрылымдарға жеткізіп беру үшін операторлардың тізімі мен баға калькуляциясы айқындалып, бекітілгенін айтып өтті. Жанар жағармай бағасын бекітілген бағада сату, тасымалдау жұмыстарын уақтылы ұйымдастырып, шаруаларға жеткізу жұмыстарының тиісті деңгейде жүргізілуі тікелей бекітілген үш операторларға байланысты екендігін атап өтті. Сонымен қатар ауыл әкімдері тарапынан агроқұрылымдар арасында түсіндірме жұмыстарын тұрақты түрде жүргізу, бұл мәселені бақылауда ұстап отыру керектігін жауапты бөлімге тапсырды.

Ал жанар-жағармай тасымалдаушы 3 операторлар қажетті жанар-жағармайды уақтылы жеткізуді тиісті деңгейде ұйымдастыруды қолға алатындықтарын, калькуляцияға сәйкес, бекітілген бағада әр литрін 172,0 теңгеден ауданға тасымалдап, сататындықтарын жеткізді. Аудан әкімінің орынбасары жанармай тасмалдаушы операторлардың сөзін тыңдап, Үкімет тарапынан күзгі дала жұмыстарын жүргізуге бөлінген 4030,0 тонна жанар-жағар май (дизель отыны) қоры жөнінде халыққа кеңінен хабарлауды осы тұрғыда тиісті жұмыстарды атқару керектігі жөнінде жауапты бөлімге тапсырма беріп, мәжілісті қорытындылады.

Ауданға бекітілген операторлардың байланыс телефондары:

«Казроснефть» ЖШС өкілі Қ.Жұмабек: 8-701-752-49-07,

«Майсс» ЖШС-ның директоры Т.Алисат: 8-701-588-05-53,

«Нұрасу Юг» ЖШС-ның өкілі Г.Жакипбекова: 8-701-647-46-47. 

 «ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.