Шымкенттегі Еңбекші ауданында «Жол картасы» бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар ауқымы кең

Бүгінде Еңбекші ауданы аумағындағы 29 шағынаудан мен тұрғын алаптардың халық шоғырланған негізгі бөлігі инженерлік жүйелермен қамтылған.

Атап айтсақ:

— Ауыз сумен 97%-ға;

— Электр жарығымен 99,8%-ға;

— Табиғи газбен 90,7%-ға;

— Кәріз жүйесімен 41%-ға

— Асфальт жолмен 73,1%-ға қамтылған.

Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, Еңбекші ауданында инфрақұрылым жүйелерін дамыту туралы 2022-2025 жылдарға арналған «Жол картасы» қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасымен бекітіліп, жұмыстар жүргізілуде. Аудан аумағына жаңадан қосылған «Исфиджаб» тұрғын алабын сапалы ауыз сумен қамту мақсатында қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу нәтижесінде «Мелиоратор» ЖШС-і мердігер мекемесі құрылыс жұмыстарын жүргізді. 2024 жылы Жастар көшесі мен «Қазығұрт» станция аумағындағы 102 абонентті және Оңтүстік-Жаңақұрылыстағы 989 абонентті сапалы ауыз сумен қамту мақсатында ЖСҚ әзірлеу жоспарланған. 2023 жылдың қорытындысымен халық шоғырланған аумақтар толық ауыз сумен қамтылды. Ал жаңақұрылыс аумақтарды 2024-2025 жылдары 100 пайыз ауыз сумен қамту жоспарланған.

Бүгінгі күнге Еңбекші ауданының аумағы 22 800 гектар құрап, халық саны 228 830 болды. Ауданда 18 тұрғын алап және 11 шағынаудан бар. Еңбекші ауданында 728 көше, 1 саябақ, 2 гүлзар, 283 көпқабатты және 37061 жеке тұрғын үйлер орналасқан. Тұрғындармен тұрақты түрде қарым-қатынаста бола отырып, Еңбекші ауданы әкімінің аппаратымен жұмыстар атқарылуда. Атап айтар болсақ, халықты спортқа баулу мақсатында да бірқатар істер атқарылған. 2023 жылы 7 спорт алаңшасы тұрғындардың пайдалануына тапсырылса, 2024 жылы 8 ашық спорт алаңшасын орнату жоспарлануда. Мердігер мекемелермен келісім шарттар түзілуде. Сондай-ақ, Еңбекші ауданы әкімі аппараты тарапынан 2024 жылы 5 гүлзар салу жоспарлануда. Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес «ВI Group» ЖШС-нің демеушілігімен Жібек жолы көшесінің бойынан қала тұрғындары мен қоңақтарына арналған қоғамдық кеңістік құрылуда.

Аудан аумағында күз, көктем мезгілдерінде жауын-шашын суларының басуының алдын алу мақсатында зерделеу жұмыстары жүргізіліп 57 мекен-жай анықталған. Шымкент қаласының маслихат шешімімен ирригациялық арықтарды орнату жұмыстары Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы тарапынан жүргізілуде.  Бүгінгі таңда 200 көшені жарықтандыру жоспарлануда.

 

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin