Шымкенттегі Тассай индустриалды аймағында 200 жұмыс орны ашылады

Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов бірқатар индустриялық аймақтарды аралап, кәсіпорындардың жұмыстарымен танысты.
Қазір «Тассай» индустриялық аймағында 24 жоба іске қосылып, онда 1,8 мыңнан астам жұмыс орындары ашылды. Жалпы аймақ іске қосылғалы мұндағы кәсіпорындардан бюджетке 8,2 млрд. теңге салық төленген. Бизнес өкілдерімен кездесіп, өзекті мәселелерін тыңдаған М.Дүйсенбекұлы туындаған проблемалардың оңтайлы шешу жолдарын қарастырды.
«Аймақты инженерлік-инфрақұрылыммен қамту жұмыстарының екінші кезеңін жыл соңына дейін аяқтау қажет. Оған дейін кәсіпорындардың уақытша электр қуатымен қамтылуын ұйымдастырыңыздар. Инвесторларға берілген жер телімдерінің тиімді пайдаланылуын қадағалауға алыңыздар» — деді қала әкімі.
Жыл соңына дейін мұнда 7 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Жобалар 200 адамды жұмыспен қамтуға қауқарлы.
Қала әкімі жауаптыларға кәсіпорындардың қуаттылығына сай жұмыс істеуіне барынша қолайлы жағдай жасап, абаттандыру, көріктендіру жұмыстарын бақылауға алуды тапсырды.
Айта кетейік, Шымкентте 5 индустриялды аймақ бар. Оның ішінде «Оңтүстік» және «Тассай» индустриялық аймақтары, сауда-логистикалық орталығы жұмыс істейді. Қазіргі таңда жаңа «Жұлдыз» индустриялық аймағы дамуда, ал «Бозарық» тамақ өнеркәсібінің агро-индустриялық аймағында құрылыс жұмыстары жалғасуда.
«Жұлдыз» индустриялық аймағы 2021 жылы құрылған. Ауданы 306 га. Аталған аймақта 3152 жаңа жұмыс орындарымен қамтитын 35 жоба жүзеге асырылмақ. Жоспарға сай биыл 6 жоба іске қосылып, 450-ден астам азамат тұрақты жұмыспен қамтылады. Бұл бағыттағы жұмыстар өз деңгейінде атқарылуда. Сондай-ақ 2022-2026 жылдар аралығында «Жұлдыз» индустриялық аймағынан 50 компанияның инвестициялық жобалар пулы әзірленді. Осыған орай тағы 3600-ден астам жаңа жұмыс орны ашылады. Мемлекет басшысының еліміздегі азық-түлік қауіпсіздігі және бағаны тұрақтандыру мәселесіне байланысты қойған нақты тапсырмасына сәйкес, қаламызда ауылшаруашылық өнімдерін терең өңдейтін өндірістік алаңдарын дамыту қолға алынған. Бүгінгі таңда жалпы аумағы 132 га құрайтын «Бозарық» тамақ өнеркәсібі агро-индустриялық аймағының инженерлік-инфрақұрылым жүйелерінің құрылысы жалғасуда. Аталған аймақта 15 шақырымға суаққы қойылып, электр жүйесін тарту жұмыстары қарқын алған. Инженерлік-инфрақұрылыммен қамту толығымен 2023 жылдың соңына дейін аяқталады. Орналастырылатын жобалар пулы дайын.
Жалпы жыл соңына дейін шаһардағы бұдан өзге 2 индустриялық аймақ пен сауда-логистикалық орталықта 16 жоба іске қосылып, 600-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

  1. Nice post. I was checking continuously this blog and I am impressed!

    Extremely useful info specifically the last part 🙂 I care for such information a
    lot. I was seeking this particular information for a
    long time. Thank you and best of luck.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.