Шымкенттегі Тұран ауданында 39 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізіледі

2024 жылы Тұран ауданына қарасты 39 көшеге орташа жол жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Атап айтқанда, Жаңаталап елді мекені – 4 көше, Арғымақ елді мекені – 4 көше, Ақжар елді мекені – 4 көше, Агро фирма қарасу – 11 көше, Құрсай елді мекені – 12 көше, Наурыз ш/а – 4 көше.
Нәтижесінде асфальттанған көшелердің үлесі 80,2% -дан 83,4 % жететін болады. Сондай-ақ, Ю.Гагарин, Республика даңғылы, А.Байтұрсынов көшесі, Орманов, Б.Момышұлы және т.б көшелерге барлығы 4870 м2 аула аралық жолдар салынатын болады. Бұл туралы Тұран ауданының әкімі Берік Әшірбеков мәлімдеді.
«Шымкент қаласы Тұран ауданының 2024 жылғы I тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы» тақырыбында баспасөз конференциясындағы әкімнің есебіне сүйенсек, Тұран ауданында жалпы 597 көше бар, оның 254 жарықтандырылған. 2024 жылы 21 шағын ауданда 165 шақырымды құрайтын 200 көшеге 3500 дана бағананы жарықтандыру жоспарлануда.
— Тұран ауданы бойынша барлығы 383 ойын алаңшасы, 99 спорт алаңшалары бар. 2024 жылы Тұран ауданы бойынша Халық қатысатын бюджет жобасы аясында жалпы 40 алаңша салу жоспарда. Оның ішінде, 30 ойын алаңша, 8 кешенді алаңша (балалар /спорт), 2 спорт алаңша, деді Тұран ауданының әкімі Берік Әшірбеков.
Бүгінде Тұран ауданына қарасты елді мекендердің 90,5 % сапалы ауыз сумен қамтылып 2026 жылы бұл көрсеткішті 100 % жеткізу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, аудан аумағы 85,7 % табиғи газбен қамтылса, электр қуатымен 95,2 % қамтылған.
Тұран ауданының әкімі Берік Әшірбеков 2025 жылы Тұран ауданын 100 % сапалы электр қуатымен қамту жоспарланып, бір қатар жұмыстар атқарылуда. Сондай-ақ, ауданның кәріз жүйесімен қамту көрсеткіші бүгінде 57,1 % құрайды, бұл көрсеткішті 2025 жылы 60,2 % — ға жеткізу көзделіп отырғанын айтты.

 

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin