Шымкенттегі көліктер жыл соңына дейін дыбыс құралдарымен жабдықталады

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Шымкент қаласында 2024 жылдың 5 айында жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласында атқарылған жұмыстар туралы» тақырыбында өткен баспасөз конференциясында айтылды.
Басқарма басшысы Ролан Ибрагимов қаламызда қоғамдық көлік мәселесі өзекті проблема екенін ескере отырып, 2024 жылдың басынан бері бірқатар өзгерістер енгізілгенін айтты.
Статистикаға сәйкес, Шымкент қаласы автокөлік көбеюі жағынан елімізде көш бастап тұрған қалалардың бірі болып отыр. Осыған орай, соңғы жылдары қалада жол құрылысы бұрын соңды болмаған қарқынмен дамуда.
Шымкент қаласы бойынша жолдардың жалпы ұзындығы 3 247,6 шқ. құрайды.
2024 жылдың 10 мамырдан бастап қалада валидаторлар төлем қабылдауды бастады.
— Аталған жүйе әдеттегідей көлік картамен, Avtobys мобильді қосымшасы арқылы Bluetooth, NFC, QR кодтары және контактісіз банк карталары арқылы төлемдерді қабылдауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, қосымша мектеп оқушылары, студенттер, зейнеткерлер және басқа санаттар үшін көлік карталарын сатып алмай-ақ, жеңілдетілген тарифтерді пайдалануға мүмкіндік береді,-деді басқарма басшысы.
Сонымен қатар, қазіргі таңда қоғамдық көліктерде аялдаманы дыбыстағыш құрылғымен қамту жұмысы жүргізіліп жатыр. Бүгінде бұл құрылғы №12, №27, №35, №74, №84 бағыттағы жолаушылар көлігінде жалпы саны 110 автобуста орнатылған. Ал, жыл соңына дейін тағы 500 көлікте аялдамалар дыбыс құралымен хабарланады деп жоспарланып отыр.
Жиында одан бөлек Шымкенттегі барлық шағын аудандар мен тұрғын алабтар қоғамдық көлікпен 100 пайыз қамтылғаны айтылды. Жалпы бүгінде қаладағы 1142 автобустың 95 пайызға жуығы соңғы 5 жылда алынған. Қоғамдық көліктер жыл сайын кезең-кезеңімен жаңартылуда.
Айта кетейік, қоғамдық көлік жүргізушілеріне бірыңғай киім үлгісінің дизайн бекітіліп, тасымалдаушы компанияларға қамтамасыз ету міндеттелген.

 

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin