Шымкентте «Адалдық сағаты» республикалық акциясы өтуде

Шымкент жастарының арасында парасаттылық идеологиясын насихаттау және терең білімнің маңыздылығын түсіндіру мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен тоқсан сайын «Адалдық сағаты» республикалық акциясы өтуде.


Қалыптасқан жағдайда «Адалдық сағаты» дәстүрлі түрдегі кездесулердің орнына онлайн форматта өтті. Абай Құнанбайұлының 175-жылдығына орай онлайн дәрістің тақырыбы «Адалдықты мұра еткен Ұлы Абай» деп анықталды. Дәріс жас ұрпақты әділ, әрі парасатты болуға шақырған ұлы ойшылға арналды. Аталған акция аясында Шымкент қаласындағы 10 жоғарғы оқу орындары және 30 колледждердің 1-курс студенттері мен үшінші мегаполистегі барлық 147 мектептің 9-11 сынып оқушылары қамтылды.

«Бүгінгі республикалық «Адалдық сағаты» біздің білім алушылар үшін үлкен ой салып, рухани құндылықтарын еселей түсті деп айта аламыз. Абай Құнанбайұлының ғұлама, ойшыл, ақын, ағартушы, ұлттың жаңа әдебиетінің негізін қалаушы, аудармашы, композитор ретінде ел тарихында өшпес із қалдырғаны сөзсіз. Оның өлеңдері мен қара сөздерінде ұлт болмысы, бітімі, тұрмысы, тіршілігі, дүниетанымы, мінезі, жаны, діні, ділі, тілі, рухы көрініс тауып, кейін Абай әлемі деген бірегей құбылыс ретінде бағаланды. Абайға деген құрмет, әрі ұрпақты тәрбиелеудің тиімді тәсілі. Шын мәнінде, ақынның артында қалған еңбектері мен өмір жолына қарап «Адалдықты мұра еткен Ұлы Абай» деп толық айтуға негіз бар. Ол мұраны қазіргі ұрпақ өмір сүрудің негізгі қағидасына алу қажет» — дейді М.Әуезов атындағы ОҚМУ проректоры, қалалық Ақпараттық-ағартушылық штаб жетекшісі Сәкен Мәжінбеков. Қоғамда парасаттылық идеологиясын насихаттау бойынша Агенттікпен жүргізілетін жүйелі жұмыстар өз жалғасын табатын болады.

 «ANYQ.KZ»-ақпарат.

 

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.