
Алаштың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл.
Бүгін – ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толып отыр.
Ол- ақын, лингвист, әдебиетші, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы, ұлттық жазудың реформаторы, араб графикасының негізінде қазақтың төл әліпбиін түзіп, төте жазудың көмегімен «Қазақ» газетін ұйымдастырды, ұлттық журналистиканы дамытқан ұлы тұлға.
Шымкентте ұлы тұлғаның 150 жылдығына орай «40 мысал, 40 мақал» атты көшпелі әдеби тіл керуені өтті. Оған қала әкімі М.Әйтенов және зиялы қауым өкілдері мен қала тұрғындары қатысты.
Сөз алған қала әкімі Мұрат Әйтенов қайраткердің қайсарлығы мен ұлтжандылығы кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге екендігін атап өтті.
— Қазақ даласына терең біліммен қатар, саяси еркіндік қажет екенін терең түсінген ұлт ұстазы мемлекетшіл қайраткерге айналды. Алаш ардақтылары ұмтылған, бірақ көре алмай кеткен тәуелсіздікті көру, іргесін нығайту осы тұрған буынның маңдайына жазылған екен. Егемендігіміз баянды, елім деген ерлеріміздің еңсесі биік болсын!- деді, қала басшысы М.Әйтенов.
Өз кезегінде сөз алған басқа да зиялы қауым өкілдері де Ахмет Байтұрсынұлының қайраткерлігіне, шығармашылығына тоқталып, оның елі үшін еткен еңбегін жас ұрпаққа үлгі ету жолында насихат жұмыстарын жалғатыра беру керектігін жеткізді.
Іс-шара барысында ақынның өлеңдері оқылып, қазақ композиторларының әндері шырқалды. Ескерткішіне гүл шоқтары қойылды.
Айта кету керек, бүгін — Қазақстан халқы тілдері күні. 2017 жылы Үкімет қаулысымен Қазақстан халқы тілдерінің күні 22 қыркүйектен Ахмет Байтұрсынұлының туған күні, 5 қыркүйекке ауыстырылған болатын.
171901 33696I like this weblog so much, saved to bookmarks . 269209
701043 499442The next time I just read a weblog, I actually hope which it doesnt disappoint me up to this 1. Get real, Yes, it was my choice to read, but I personally thought youd have something interesting to convey. All I hear can be a handful of whining about something you could fix inside the event you werent too busy trying to find attention. 55987
890311 728387Hi my loved one! I wish to say that this post is remarkable, fantastic written and come with almost all crucial infos. I would like to see far more posts like this . 509870
292104 366615Thank you for your really very good information and feedback from you. car dealers in san jose 642062
243501 557154Was koche ich heute — diese Frage stellen sich tag fuer tag viele Menschen. Und wir haben tag fuer tag die perfeckte Antwort darauf! Besuchen Sie uns auf unserer Webseite und lassen Sie sich von uns beraten . Wir freuen uns auf Sie! 16911