Шымкентте «Бір күндік клиника» жобасы іске қосылды

Шымкент қаласындағы Қалалық перинаталдық орталығында «Бір күндік клиника» – атты жоба іске қосылды.

Енді жүктілікті жоспарлап жүрген аналар алдын ала анализ тапсырып, денсаулығын тегін тексере алады. Жобаның ерекшелігі болашақ аналар сәбидің саулығын тексеру үшін айлап, апталап медициналық зерттеудің талдауын күтпейді. «Бір күндік клиника» жобасы аясында барлық қажетті талдаудың нәтижесін 30-40 минутта білуге болады.

Пилоттық жобаның ашылуына денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері арнайы келді. Қала әкімінің орынбасары Сәрсен Абайұлы қатысушыларға алғысын білдіріп, жобаның жемісті болатынын атап өтті.

— Республика бойынша Шымкент қаласындағы балалардың үлесі 40,6% -ды құрайды. Бұл көрсеткіш басқа қалалармен салыстырғанда оқ бойы алда тұрғанымызды айқындайды. Сонымен қатар, былтырғы жылы жүкті әйелдердің тіркелу саны отыз мыңнан асатын болса, дүниеге келген сәбилердің саны отыз бір мыңнан асты. Өздеріңіз білесіздер әр 15 минут сайын қаламызда еліміздегі әрбір 8 -ші тұрғын дүниеге келіп отыр. Міне, осы тұрғыдан келгенде қаламызда пилоттық жоба аясында емхананың ашылуы біз үшін аса маңызды,-деді Сәрсен Абайұлы.

Орталық дәрігерлі мен басқада өңірлерден келген мамандар жобаның іске асырылу тетіктері мен маңыздығын сөз етті.

— Жүкті әйелдерге 11 мен 13 аптасының 6 күніне дейінгі мерзімде учаскелік дәрігерден тексеріске жолдама беріледі. Сосын орталыққа келіп, пренаталдық диагностиканы жоғары деңгейде жүргізуге мүмкіндік беретін заманауи сапалы жабдықтар көмегімен тексерістен өткізіледі. Ұрықтың генетикалық ауруларының биохимиялық маркерлерін бағалау үшін веноздық қан тапсырады. Зерттеу нәтижелерін анықтайтын және оны әрі қарай жалғастыру жолдарын бағалайтын акушер-гинекологтың кеңесін алады. Қажет болған жағдайда медициналық генетик кеңесі беріледі,-дейді дәрігер-генетик Гүлжан Сихымбайқызы.

Айта кету керек, барлық диагностикалық процедуралар МӘМС қаржыландыру аясында толығымен тегін және учаскелік дәрігердің жолдамасы бойынша қабылданады.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin