Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте бірқатар маңызды мәселелер талқыланды. Жиын барысында Конституция күніне арналған іс-шаралар жоспары, бюджеттің атқарылуы және жобалық офистің жұмыстары қарастырылды.
Қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек мереке қарсаңында ұйымдастырылатын шаралар туралы баяндады. Конституция күніне орай, Шымкенттің бес ауданында 20 іс-шара жоспарланған. Негізгі салтанатты жиындар Нұрсәт өнер мектебінде, Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияда, Шымсити саябағында, Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы орталық стадионда, Оқушылар сарайында және «Түркістан» сарайында өтеді. Қала әкімі жауапты тұлғаларға бұл шараларды жоғары деңгейде ұйымдастыруды тапсырды.
Қаржы басқармасының басшысы Руслан Бақтыбаев қаңтар-шілде айларының қорытындысы бойынша бюджеттің атқарылуын талқылады. Ол қаражаттардың тиімді жұмсалуын қамтамасыз ету, игерілмеуі мүмкін қаражаттарды қысқартып, тиімді салаға бағыттау туралы ұсыныс жасады. Сонымен қатар, мемлекеттік сатып алу конкурстарының өтуін толық зерделеу қажеттігін атап өтті. Қала әкімі аудан және сала басшыларына қаржыны тиімді игеруді қатаң бақылауды тапсырды.
Сонымен қатар, әкім тұрғындармен кері байланысты күшейтіп, өзекті мәселелерді жедел шешуді және қала тазалығын қамтамасыз етуді қатаң бақылауға алу қажеттігін ескертті. Мектептердің жаңа оқу жылына дайындығын да пысықтау қажеттігін атап өтті.
Айта кетейік, Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылғы 30 тамызда қабылданған, ол біздің құқықтық және демократиялық мемлекетіміздің негізі болып табылады. Конституция еліміздің өмірінің құрайтын қағидалар мен нормаларды анықтайды. Еліміздің Негізгі заңы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етеді, әділдік және билікті бөлу қағидаларын белгілейді, осылайша тұрақты және әділ қоғамның берік негізін қалайды. Конституцияның әрбір бабы біздің халқымыздың құқықтық мемлекетті қалыптастыруға ұмтылысын көрсетеді, онда әр адамның құқықтары құрметтеліп, қорғалады. Конституция өмір, бостандық, жеке басының қауіпсіздігі, сөз бостандығы, мемлекет басқаруында қатысу құқығы және басқа да көптеген құқықтарды бекітеді, олар біздің әлеуметтік және құқықтық ортаымыздың негізі болып табылады.