Шымкентте «Мерейлі отбасы-2024» байқауының жеңімпаздары анықталды

Шымкентте «Мерейлі отбасы – 2024» ұлттық байқауының жеңімпаздары анықталып, марапаттау рәсімі өтті. «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы биыл 11-ші рет өтті. Дәстүрлі шараның көздегені: үлгілі отбасын анықтап, көпке үлгі ету. Биыл байқауға қаладан 183 отбасы қатысып, ақтық сында — 20 отбасы бақ сынады. Жеңімпаздарды арнайы құттықтауға қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек қатысты.

— Отан — отбасынан басталады. Ұлттық байқау отбасылық құндылықтардың жандануына, дәстүрлердің жаңғыруына, түрлі буын өкілдерінің арасындағы сыйластықтың нығаюына, ұрпақ тәрбиесіне жаңаша дем беріп, өнегелі әулеттердің өрісін кеңейтуге ықпал етіп келеді. Ұлттық салт-дәстүр мен отбасылық құндылықтарды насихаттау мақсатында өткізіліп жүрген шараға қатысуға ниет етушілердің көптігі көңіл қуантады. Мемлекет — отбасы институтын дамытуға, ана мен баланы қорғау мәселесіне әрдайым айрықша назар аударады. Берекесі жарасқан, құтты шаңырақ иелерін мерейлі жеңістерімен құттықтаймыз,- деді Сәрсен Абайұлы.

Байқау нәтижесінде, Сыдықовтар отбасы үздік деп танылып, Астана қаласында өтетін республикалық кезеңге жолдама алды.

8 перзент, 26 немере 8 шөбере тәрибелеп отырған үлгілі әулет, ұлттық дәстүр мен қазақы құндылықтарды берік ұстанады.

Жеңімпаз деп танылған отбасыға қаржылай сыйақы берілді. Қала билігі, үлгілі деп танылған әулетке сәттілік тілеп, шараның мән-маңызына тоқталды.

Биыл байқауға 180 отбасы өтінім берген. Белгіленген критерийлер шеңберінде 20 үй іріктеліп, ақтық сынға жолдама алды. Оның 8-і жас жанұя болса, 12 –сі тамырын тереңге жайған әулет. Әділқазылар, өтім берушілерді жан-жақты зерттеп, мынадай  критерийлерге сүйене бағалаған.

Ұйымдастырушылар осы сынды байқаулардың жиі өтіп, үлгілі отбасылардың дәріптелгені – қоғам келбетін айшықтап, мерейін өсіреді -дейді.

 

 

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin