Шымкентте бизнес пен инвесторларды қорғау жобасы нәтижесін беруде

«Адал көмек» жобасы аясында Антикор орталығында «ANTIKOR.LIVE»  тікелей эфир барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары Талғар Серікбаев кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау шараларына тоқталды.


Т.Серікбаев кәсіпкерлікті жан-жақты қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Агенттік «Protecting Business and Investments, яғни бизнес пен инвесторларды қорғау» жобасын жүзеге асырып жатқандығын жеткізді.

«Бизнес пен инвестицияларға қатысты кез келген заңсыз іс-әрекет кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруға кедергі ретінде қабылданады. Аталған сала Мемлекет Басшысының қатаң бақылауына алынып, Қазақстан халқына Жолдауында да нақтылап белгіленді. Осы ретте Агенттікпен жүзеге асырылып отырған бизнес өкілдерінің мемлекеттік органдарға деген сенімін арттырып, инвесторларға қолайлы инвестициялық жағдай қалыптастыру мақсатындағы Жобаға қосылудың жалғыз ғана шарты — мемлекетіміздің аумағында адал және парасатты бизнесті жүргізу болып табылады» — деді спикер.

Талғар Серікбаевтың айтуынша, бүгінде қалалық Департамент жалпы сомасы 75 млрд. теңгеге 35 жобаны сүйемелдеуді жүзеге асыруда.

Жалпы алғанда, Қазақстан бойынша 12 трлн-нан астам сомаға отандық және шетелдік инвесторлардың 500-ден астам жобасы сүйемелдеумен қамтылған, оның 20 пайызын шетелдік инвестициялар құрайды (Нидерланды, Швейцария, Ұлыбритания, Жапония, Франция, Ресей, Түркия, Германия, Қытай Халық Республикасы, Біріккен Араб Әмірліктері, Корея, Польша, Малайзия және тағы басқа.).

Айта кетейік, сыбайлас жемқорлық көріністеріне тап болсаңыздар тәулік бойы жұмыс жасайтын 1424 Call-орталығына хабарласа аласыздар. Мамандар кеңес беріп, шағымдар, өтініштер, ұсыныстар мен пікірлерді қабылдайды.

«ANYQ.KZ»-ақпарат

 

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

4 Comments

  1. 659742 230428Oh my goodness! an remarkable post dude. Thank you Even so My business is experiencing issue with ur rss . Dont know why Unable to subscribe to it. Can there be anyone obtaining identical rss difficulty? Anybody who knows kindly respond. Thnkx 983176

  2. 352561 109755Once I originally commented I clicked the -Notify me when new feedback are added- checkbox and now every time a remark is added I get four emails with exactly the same comment. Is there any means you possibly can remove me from that service? Thanks! 641264

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.